375,90 426.35 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Зерттеу: қазақстандық ер азаматтар аз өмір сүреді

  • 626
  • UPD: 11:44, 27.02.2019

Ердің жасы елу ме?

«Егемен Қазақстан» газетінің кешегі санында ер азаматтардың денсаулығына арналған бірбеттік мақала жарық көрді. Онда жазылғандай, әлем бойынша Оңтүстік Корея, Жапония, Испания, Швейцария, Сингапур елдерінің еркектері көп жасайды екен. Ал Кот-д'Ивуар, Гвинея, Йемен, Ауғанстан, Моңғолия, Фиджи, Түрікменстан, Ресей, Беларусь, Украина, Грузия, Кирибати, Солтүстік Корея азаматтары аз өмір сүреді екен. Оның ішінде Қазақстан да бар. Мақалада оның бірнеше себебі жазылған. Соның біріне зер салайық.

«Табиғи жаратылыс бойынша, əйел мен еркектің өзіндік ерекшеліктері болады. Ал жүрек аурулары көбінесе ер адамдарда кездеседі. Себебі ерлердің арасында денсаулыққа немқұрайлы қарау жағдайы көп жəне олар тамақтануға байланысты көптеген тəртіпті орындай бермейді. Сонымен қатар ерлер шылым шегу, ішімдік ішу жəне еттен жасалған тағамдарды жеуге əуес келеді, аз қозғалады, сондықтан жүрек аурулары ерлерде жиі кездеседі».

Сондықтан денсаулығымызға мұқият болайық. Өйткені елдің әл-ауқаты ер азаматтың күш-қуатына байланысты.

Авторы: Айдарбек Айтмұхамбетұлы

Хабар 24 телеарнасы