378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

СҚО-да мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған автомектеп ашылды

  • 791
  • UPD: 11:21, 08.03.2019
СҚО-да мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған автомектеп ашылды

Елімізде мүмкіндігі шектеулі жандарды көлік жүргізуге үйрететін алғашқы автомектеп ашылды.

Солтүстік Қазақстанда мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған алғашқы автомектеп ашылды. Еліміз бойынша бірінші болып өз жұмысын бастаған автомектепті Сәлімхан Сәбитов есімді петропавлдық жас кәсіпкер ашып отыр. Бұл туралы республикалық «Егемен Қазақстан» газеті жазады. Жастайынан мүгедектікке душар болған ол стартап-жоба аясында екі көлікті сатып алып мүмкіндігі шектеулі адамдарға ыңғайлап өзгерткен. Бұл Сәлімханның бала күнгі арманы екен:

«Біз мүгедек адамдардың өмірге толыққанды араласулары үшін барлық жағдай жасауға ұмтыламыз. Бұл идея мен мектепте оқып жүрген кезде пайда болды. Бүгін автокөлікке техникалық құжатты алып, мектепті ресми түрде аштық. Қазірдің өзінде 13 адам медициналық тексерістен өтіп, автомектепте оқуға рұқсат алмақшы».

Хабар 24 телеарнасы