379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


The New York Times: Н.Назарбаев ел басқарған жылдары Тәуелсіз Қазақстан әлемдік аренада танылды

  • 773
  • UPD: 10:57, 20.03.2019

Елбасының президенттік өкілеттігін тоқтатуы әлемдік деңгейде талқыланып жатыр.

Дүниежүзінің баспасөз беттерінде Қазақстан жасаған мәлімдемені жарыса жазуда. Әлемдік сарапшылар саяси өзгеріске өз пікірлерін білдіріп жатыр.

«Қазақстан Республикасы күтпеген мәлімдеме жасады. Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев президенттік өкілеттігін тоқтатты. Бұл қазақстандықтар үшін күтпеген жаңалық болды. Мемлекеттің Тұңғыш Президенті ел басқарған жылдары Тәуелсіз Қазақстан әлемдік аренада танылды. Ішкі және сыртқы саяси ахуалы нығайды. Бұл үрдіс жалғасын табуы тиіс», деп жазады The New York Times газеті. 

The New York Times. Қазақстан мемлекетінің Президенті өкілеттігін тоқтатты

https://www.nytimes.com/2019/03/19/world/asia/kazakhstan-nazarbayev-resigns.html

«Қазақстан – барлық бұрынғы Кеңестік республикалардың ішіндегі ең ірі елдердің бірі. Назарбаев мырза елдің мұнай өндіру саласын дамытуға күш салды. Ол үшін шетелдік энергетикалық компаниялардан орасан зор инвестициялар тартты. Нұрсұлтан Назарбаев елді басқарған 30 жыл уақытта ішкі саясатпен қатар сыртқы саясатты да сауатты жүргізді. Оның бір дәлелі Қазақстан АҚШ-пен достық байланысты сақтай отырып, өзінің екі алып көршісі Ресей мен Қытай елдерімен оң қарым-қатынас орната білді. Бұл үрдіс әрі қарай жалғасуы тиіс», – деп жазады The New York Times газеті.

Авторы: Руслан Бақытбекұлы

Хабар 24 телеарнасы