379.41 429.60 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Баспасөзге шолу. «Сарыарқа» газ құбырының алғашқы шақырымы салынды

  • 794
  • UPD: 15:16, 29.03.2019

Бұл – Қызыолоржда облыстық «Сыр бойы» газетінде жарық көрген мақаланың тақырыбы, деп хабарлайды «Хабар 24» тілшісі.

«Сарыарқа» газ құбыры алдымен Қызылорда, Жезқазған, Қарағанды, Теміртау мен Нұр-Сұлтан бағыты бойынша салынады. Бұл – құрылыстың алғашқы кезеңі. Осының арқасында құбырға жақын орналасқан 740 мың адамды табиғи газбен қамтасыз етуге мүмкіндік бар. Әрине, инфрақұрылымның салынуына қарай газ тұтынатын адамдардың саны артады.

Мағзұм Мырзағалиев, ҚР Энергетика вице-министрі:

- Өткен жылдың тамыз айында Үкімет жобаның сызба-нұсқасы мен қаржыландыру шарттарын мақұлдады. Жобаның құны – 267,3 млрд теңге. Қараша айында «АстанаГаз» АҚ мен мердігер компания мен «Қазқұрылысқызмет» АҚ арасында тиісті келісімшартқа қол қойылды. Қазіргі кезде барлық қажетті теxника мен мамандар тартылды. Дәнекерлеу жұмыстары басталды. «Сарыарқа» газ құбырының шамамен 1300 метрі салынды.

Вице-министрдің айтуынша, бүгінде Қарағанды мен Ақмола облысында, сондай-ақ Нұр-Сұлтан қаласында газ құбырына қосылып шикізатты xалыққа тарату бойынша дайындық жұмыстары басталды. Жалпы, 2030 жылға дейін республикалық бюджеттен тағы шамамен 157 млрд теңге бөлінеді.«Осы ақша Нұр-Сұлтан қаласын, Қарағанды, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Маңғыстау мен Ақмола облыстарын газдандыруға жұмсалады.

Хабар 24 телеарнасы