389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Баспасөзге шолу: «Ерекше міндетті сапар»

  • 1093
  • UPD: 20:13, 11.04.2019

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ресейге жасаған ресми сапарын ақпарат құралдары әлі де жазып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Комсомольская правда» газеті «Визит особого назначения» атты көлемді мақала жариялады. Автор онда Мемлекет басшысының стратегиялық әріптес елге сапарын жан-жақты талдап, Ресей басшылығымен өткен кездесудің барысын қорытындылайды. Автор «қордаланған мәселелер тереңінен талқыланып, екіжақты ынтымақтастықтың жалғасатындығы айтылды» деп жазады.

«Қазақстанның екінші президентінің аузынан «сабақтастық» сөзі бірнеше мәрте нық айтылды. Соңынан іле-шала екі ел бұқаралық ақпарат құралдарының басты тақырыбына айналған «Қазақстан-Ресей қарым-қатынасында алтын заман басталады» деген сөзін қайталады. Осыдан кейін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан мен Ресей байланысы әрқашан берік бола бермек деген пікірін тағы бір рет еске салды».

Бұдан бөлек, мақала авторы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың сапары ресми келіссөзбен ғана шектелмегенін айтып, оның Ресей және халықарлық ғылым ортасында кеңінен танымал, жазушы Леонид Млечинмен кездесуіне назар аударады.

Леонид Млечин, жазушы, халықаралық телерадиоакадемияның вице-президенті:

- Мен Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевты баяғыдан білемін. Біздің Ресей дипломаттарының арасында және мен көп жылдан бері сабақ беріп келе жатқан, өзі оқыған Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар инстутында достарымыз бен таныстарымыз көп. Кездесуіміз де өте жақсы өтті. Мен оның мінезінен, адаммен тілдесіп, араласуынан еш өзгеріс байқағаным жоқ. Алдымда үлкен мемлекеттің президенті тұрғанын сезбей де қалдым. Сол баяғы зиялы, ашық және ақ пейіл қалпы. Екеуіміздің талқылайтын тақырыбымыз көп еді, енді олардың қатары тіпті көбейді.

Хабар 24 телеарнасы