387,14 428,20 6.07
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сириядағы соғыс кезінде 300-ге жуық тарихи ескерткіш бүлінген

  • 1347
  • UPD: 11:14, 19.04.2019

Осы аптаның басты жаңалықтарының бірі – Франциядағы Нотр-Дам шіркеуінің өртенуі болды.

Тоғыз ғасырға жуық тарихы бар көне ғимараттың қызыл жалынға оранғанын әлемдік бұқаралық ақпарат құралдарының барлығы дерлік жазды. «Егемен Қазақстан» газеті де бұл оқиғаға көлемді мақала арнапты. «Нотр Дам – жалынға оранған жалпыадамзаттық құндылық» деп аталады. Автор алдымен бұл нысанның Франция үшін ғана емес, күллі әлем мәдениеті үшін қаншалықты құнды екеніне тоқталған. Содан кейін қирап, жермен жексен болған көне заманның ескерткіштерін де атап өткен.

«Бұған дейін содырлардың сойқанынан Сириядағы соғыс кезінде 300-ге жуық тарихи ескерткіш бүлінгенін білеміз. Сирияның көне мұралар және музейлер департаментінің директоры Маамун Абдулкарим сол кезде Сириядағы 10 мыңнан астам археологиялық ескерткіштердің 300-ге жуығы бұзылғанын мәлімдеген болатын. Тарихи маңызы мыңжылдықтармен өлшенетін Алеппо мен Ракка қалаларындағы ескерткіштерге және Пальмирадағы қирандыларға қарап әлемдік мәні зор ескерткіштерді өз қолымызбен құртып жатқанымызды іштей өкінішпен мойындаймыз. БҰҰ-ның мәліметі бойынша, Сириядағы 24 тарихи нысан түгелімен қирап қалған, тағы 104-і айтарлықтай зақымданған. Бүлінген танымал нысандардың ішінде Алепподағы цитадель, Дамаскідегі Омеяд әулетінің мешіті, Крест жорықшыларының Крак де Шевалье қамалы болды».

Хабар 24 телеарнасы