389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оралда сайлау комиссияларының құрамына 1 мыңнан астам бюджеттік сала қызметкері енгізілді

  • 1100
  • UPD: 12:37, 26.04.2019

Олардың жартысынан көбі-қаланың орта мектептерінің мұғалімдері, деп жазады «Орал апталығы». 

«Осы адамдардың барлығын формальды түрде түрлі саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдар ұсынған. Дауыстарды санаудың барынша ашықтығы мен адалдығы үшін сайлау комиссияларының құрамдары саяси партиялардың кандидаттарынан құралатын заң нормасы осындай» дейді БҚО сайлау комиссиясының төрағасы Ғайса Қапақов. 

Ғайса Қапақов, облыстық сайлау комиссиясының төрағасы:

«Саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдар әрбір аумақтық комиссияға бір кандидаттан ұсынады. Осы кандидатуралардан жергілікті мәслихаттар сайлау комиссияларында комиссиялардың түпкілікті құрамын қалыптастырады. Бұл ретте сайлау комиссиялары мүшелерінің өздері осы партиялардың мүшесі бола алмайды.Мен олардың қарапайым өмірде кім болып жұмыс істейтінін білмеймін».

Осы жылдың 1 қыркүйегінен бастап елордада көп балалы отбасылардан шыққан мектепте оқитын бүкіл балалар тегін ыстық тамақпен қамтылады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Бақыт Сұлтанов мәлімдеді. Бұған дейін бастауыш сынып оқушылары ғана тегін тамақтанып келген. Көп балалы және тұрмысы төмен отбасыларды қолдауға жергілікті бюджеттен қосымша қаржы бөлініп отыр.

Бақыт Сұлтанов, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі:

«Осы жазда көп балалы отбасылардан шыққан 10 мың балаға жазғы демалыс орындарына тегін жолдама беріледі. Бұл мақсатта 500 млн теңге қаржы бөлінеді. Сонымен қатар аз қамтылған және көпбалалы отбасыдан шыққан елордалық оқушыларды мектеп формасымен қамтамасыз ету мақсатында бюджеттен 638 млн теңге, осы санатқа жататын отбасыдан шыққан балдырғандарды балабақшамен қамтуға 513 млн теңге қаржы қарастырылған».

Киногерлер үшін биылғы жылдың ең жарқын жаңалығы «Кинематография туралы» заңның қабылдануы болды. Ал бұған дейін тек «Мәдениет туралы» Заңның қосалқы бөлігі ретінде қарастырылып келген кино мәселелері енді өз алдына «енші» алып, дербес талап пен қағидаларын қабылдады. Әйтсе де, заң қабылданғанмен, қолданысында әлі де бірқатар түйткілдердің барын алға тартады киногерлер. Кинорежиссер Талғат Теменовтың пікіріне назар аударсақ. 

Талғат Теменов, Кинорежиссер, Қазақстанның халық әртісі:

«Кинематография туралы» заң екенін жалпы білгенімізбен, оның қай тұсы киногерлерге пайдалы екенін аңғару қиын. Бұл құжаттан екі құптарлық дүниені айтуға болады. Оның біріншісі – телеэкран мен кинотеатрларда кез келген фильмнің мем­лекеттік тілде көрсетілуі. Екіншісі – арнайы сараптамалық орталықтың құрылатыны. Бұл жағдайда сарапшылар әр фильмге баға беріп, отандық кино на­рығын бақылауда ұстап отырар еді».

Хабар 24 телеарнасы