379.36 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодар облысында түлектердің көбісі Ресейде білім алуға құштар

  • 497
  • UPD: 15:33, 10.05.2019

Уақыт өткен сайын Павлодар облысының түлектері Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысудан бас тартып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24» тілшісі.

Өйткені мектеп бітірушілердің басым бөлігі өз елімізде емес, көрші мемлекеттегі жоғары оқу орындарында білім алуды қалайтын көрінеді. Оның үстіне өңірдің бірнеше ауданы Ресеймен шекараласады. Облыстық әкімдікте бұл сұрақ жан-жақты қаралған. Бұл жайында «Сарыарқа самалы» газеті жазды.

 «Сарыарқа самалы» газеті. Алысқа кетуге неге асық?

saryarka-samaly.kz/index.php?id=2675

Дінислам Болатханұлы, облыстық білім беру басқармасының басшысы:

- 2017 жылы Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізуге өзгерістер енгізілді. Соның нәтижесінде бұл сынақ қазақстандық жоғары оқу орындарына түсу үшін тапсырылатын емтихан функциясын ғана атқаратын болды. Мұны кейбір мектеп бітірушілер өз пайдасына шешіп, тестілеуді тапсырудан бас тартып жатады. Айталық, былтыр 3895 павлодарлық орта білім беру орнын аяқтаса, олардың тек 2709-ы тест тапсырмаларын орындады. Әсіресе Ақсу қаласы, Тереңкөл, Железин, Шарбақты, Успен, Павлодар аудандары оқушыларының қатысу көрсеткіші төмен. Биыл да аталмыш аудан түлектері тест тапсыруға аса ниетті емес.   

Өзекті мәселе. Өйткені түлектеріміздің көбі осылайша Ресейде білім алуға құштар. Бұл ретте облыс әкімі Болат Бақауов мектеп бітірушілердің таңдау жасауына ықпал ету үшін жұмысты күшейту керектігін тапсырды. Үзіндіге үңілсек.

Болат Бақауов, Павлодар облысының әкімі: 

- Былтыр тестілеуге қатысу көрсеткіші төмен болған аудан басшылары «біз Ресей облыстарымен шекараласпыз, сондықтан түлектердің дені көрші елдегі оқу орындарына кетеді» дегенді алға тартқан еді. Осындай мәселенің бар екенін біле тұра сылбыр жұмыс істеуге болмайды. Бұл ретте кәсіби бағдарлау ісін жүйелі түрде жүргізу керек.

Авторы: Самат Қайырденұлы

Хабар 24 телеарнасы