378.77 425.70 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оңтүстік өңірлердегі диқандар егін салуды аяқтады

  • 158
  • UPD: 10:02, 15.05.2019

Дүйсенбі, сейсенбі және сәрсенбі күндері баспадан шыққан газеттерде Жеңіс күніне арналған мақалалар басым болды.

Алдағы Президент сайлауы туралы ақпараттар да барлық апталық басылымдарда жазылған. Үгіт-насихат кезеңінің де басталғанын ескерсек, бұл тақырып төңірегінде жақын күндері ақпараттың аз болмайтындығы ақиқат.

Мәселен Республикалық «Егемен Қазақстан» басылымы «Агроөнеркәсіп кешенін цифрландыру – уақыт талабы» - деп қайырады. Оңтүстік өңірлердегі диқандар егінді салуды аяқтаса, еліміздің өзге аймақтарында әлі де болса бұл науқан қызу жүріп жатыр. Сондықтан бұл мәселе көпшіліктің көкейіндегі сұрақтарға жауап берері анық.

«Аграрлық ғылымы дамыған шет мемлекеттердің тәжірибесіне көз жүгіртіп көрейік. АҚШ, Еуропа, Канада, Австралия, Қытай сынды елдердің озық ғылыми жетістіктерді қолданып келе жатқаны белгілі. Әсіресе соңғы 20 жылдағы және таяу болашақтағы даму бағыттарының бірі – дәлме-дәл егіншілік. Дамыған елдердің тәжірибелері көрсеткендей, ғасырлар бойы бекіген дәстүрлі саланы цифрлы технологиялар түбегейлі өзгертті. Түрлі ақпарат көздерінен алынатын мәліметтер мен заманауи геоақ­парат жүйелері ресурстарды саналы түрде пайдаланып, топырақты тоздырмай жоғары өнім алуға ықпал етуде».

Мансұр Есқожин, тілші:

– Мақала авторы заманауи технологиялар мен ғылымның, дәстүрлі егін шаруашылығын ұштастыру арқылы астықтың түсімі мен еңбек өнімділігін арттыруға, өнімнің өзіндік құнының төмендеуіне ықпал ету керек дейді. Бұл ұлт саулығы, экспорттық әлеуетті жүзеге асыру тұғысынан да экологиялық таза өнім өндірісін сақтау мен дамытудың маңызды факторы саналады. 

Ал Ақтөбе облыстық қоғамдық-саяси газетінің тілшілері жол бойындағы ахуалға көз жүгірткен. Полиция департаментінің хабарлауынша, өңірде жол-көлік оқиғалары азаймай отыр. Әсіресе Ақтөбе-Атырау тасжолы бойында оқыс оқиғалар жиілеген. Мамандардың айтуынша, өңірдің географиялық орналасуы, автокөліктердің санының артуы мен транзиттік ағымның артуы да ықпал етіп отыр.

Құралбек Шарбақов, Ақтөбе облыстық полиция департаментінің басқарма бастығы:

– Ақтөбе облысында былтыр 219 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, оның ішінде 109 апат кезінде жолаушылар ауыр дене жарақаттарын алған. Сонымен қатар 110 жол-көлік оқиғасы салдарынан адам өлімі тіркелген. 219 істің 83,5 пайызы толығымен сарапталып, 57-сіне қатысты іс сотқа жіберілді. Өкнішке қарай, көлікті ішімдік ішіп, жүргізу, жоғары жылдамдықпен басқару деректері жиі тіркеліп отыр. Жол-көлік апаттарының дені жүргізушілердің кінәсінен орын алғаны анықталып, әр үшінші оқиға жүргізушілердің қозғалыс шапшаңдығы режимін сақтамауынан болып отыр.

Сыр елінде жеңіл өнеркәсіп жолға қойылған. Бұл туралы өңірдегі «Ақмешіт апталығы» хабарлайды.

Мақалада мемлекеттік бағдарламалардың да игілігін жас кәсіпкерлердің тиімді пайдаланып отырғандығы айтылған. Қызылорда өңірінде киім-кешек пен аяқ киім тігуді жолға қойған шеберлер туралы мақаланы толықтай Ақмешіт апталығынан оқи аласыздар.

Хабар 24 телеарнасы