389,75 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ЕАЭО-ға мүше елдер қант саудасы туралы ортақ мәмілеге келмеді

  • 890
  • UPD: 10:33, 17.05.2019

«Егемен Қазақстан» басылымының бірінші бетінен орын алған мақала отандық өнімдердің халықаралық нарықтағы ролі туралы сөз қозғаған.

Қант нарығы: отандық өндірістің қауқары қандай? Әріспестеріміз шағын және орта бизнестің мығым болуы ел экономикасына қосар үлесін тізбектеу келе жергілікті тауардың шекараның ар жағындағы ахуалын сараптаған. Әсіресе Еуразиялық экономикалық одақ елдері арасындағы бұл мәселе төңірегіндегі мәміле шаруаларды қызықтыратыны анық. Бұл орайда отандық билікті шешімі төмендегідей.

Жанель Күшікова, Ұлттық экономика министрлігінің сыртқы сауда саттықты дамыту  департаменті директоры:

- Ішкі нарықты арттыру қазіргі басты басымдық. Былтырғыдай емес, биыл қант тапшылығы тіркелген жоқ. Енді тіркелмейді деп те айта аламын. Өйткені өндіріс артып келеді. Биыл Қазақстан қант қызылшасының өндірісін арттырып, жылына 300 мың тоннаға дейін қант қорын жинайды. Сондықтан тауардың бағасы да тұрақтылығын сақтауға тиіс.

Бұл туралы толық ақпаратты Егемен Қазақстан газетінің осңғы нөмірінен оқи аласыздар. Ал «Ақтөбе» апталығында «Отбасын сақтау» орталығы ашылғандығы жөнінде хабарлайды. «Анаға тағзым» рухани-адамгершілік тәрбие беру кешенінде орналасқан бұл бірлестікте азаматтық сот судьялары, қоғам қайраткерлері, психолог мамандар болуы тиіс. Басылымдағы әріптестеріміздің хабарлауынша бастамаға мұрындық болған облыстық сот өкілдері.

Айгүл Абдуллина, Ақтөбе қалалық сотының судьясы:

- Негізінен отбасын сақтап қалу көбіне судьяның қолынан келе бермейді. Судья өз тарапынан заң шеңберінде ғана шешім қабылдайды. Алдағы уақытта алгоритм бойынша сотқа келіп түскен арыздарды осы орталықта құрылған комиссия мүшелері қарап, некені сақтап қалуға барынша мүмкіншілік жасайды.

Мансұр Есқожин, тілші:

- Мұндай қадамға барудың себебі де жоқ емес. Биылғы жылдың 4 айында сотқа неке бұзу туралы 1264 талап арыз түскен. оның 403-іне қатысты шешім шығарылып, кешегі ерлі зайыптылар ажырасып тынған. Бұның кесірінен демографиялық ахуалдың ақсауына әкеп соғатындығы белгілі.

Жалпы демография тақырыбындағы ауқымды мақала осы аптада «Айқын» республикалық газетінде жарыққа шықты. Теріскей өңіріне қоныс аударғандар санының аз екендігін келтірген журналист ішкі миграцияның бір бағытта екендігін айтады. Негізінен халық Алматы мен Елордаға қоныс аударатындығы айдан анық. Бұл халық тығыз орналасқан оңтүстік өңірде жұмыссыздықтың көбеюі мен тұрғындар саны әлдеқайда аз теріскейдегі адам күшінің тапшылығына әкеп соғады. Бұл мәселенің шешімін әлеуметтанышылар газет беттері арқылы жеткізіп те берді.

Нұрсәуле Бошай, әлеуметтанушы:

- Солтүстікке көшіп келуі керек тізімде тек 4-5 облыс ғана бар. Соларға ғана жеңілдіктер беріледі. Осы жері түсініксіз. Егер осы жағдайды елдің барлық өңірінен көшіп келушілерге жасаса, жағдай басқаша болады. Солтүстікке оңтүстіктен жұмыссыз жүрген жастар көптеп келсе өз бизнесін бастаса, жақсы болар еді.

Хабар 24 телеарнасы