383,43 430.12 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодарда «Қоқыс картасы» пайда болады

  • 606
  • UPD: 10:55, 22.05.2019

Павлодарда қалалар мен ауылдар маңайын қоқыстан тазарту үшін «Қоқыс картасы» пайда болмақ.

Яғни қоқыс үйілген аумаққа бейжай қарамайтын әр адам сол жерді суретке түсіріп алып, ТКШ басқармасының немесе әкімдіктердің сайтына жолдай алады. Екіншіден, «Қоқыс картасы» халықтық бақылау арқылы жұмыс істеп, әр ауыл мен қалаға жауапты мекемелерді белгілеу жұмыстарын көздейді. Қазір павлодарлықтар арасында тұрмыстық қатты қалдықтарды өңдеуді кәсіп көріп, қоқыстарды сұрыптап жинауға бейім жандар сирек, деп жазады ел газеті «Егемен Қазақстан».

Сүйіндік Нұрымов, ЖШС басшысы:

- Өндірістік-тұрмыстық қалдықтарды өңдеуді заңмен міндеттеу қажет. Экологиялық кодекске осы бағытта тиісті ұсыныс жасалды. Өйткені қоқыс өңдеу зауыттарының көбі ашылмай жатып жабылып қалады. Сондықтан «Жасыл экономиканы» қолдауға үлес қоспақ кәсіпорындарға мемлекет тарапынан субсидиялау сияқты қолдау шаралары қажет.

Данияр Сұлтанұлы

Хабар 24 телеарнасы