382,75 428.95 5.97
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарқаралыда Құнанбай қажы мен бала Абайға ескерткіш қойылды

  • 565
  • UPD: 14:49, 31.05.2019

Қарағанды облысындағы Қарқаралы қаласында «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасы аясында Құнанбай қажы мен бала Абайға еңселі ескерткіш қойылды, деп хабарлады «Егемен Қазақстан» газеті.

«Тас тұғырдағы тарихи тұлғалар қаладағы Құнанбай қажы салдырған мешіттің алдына орын тепті. Баласының иығына қолын салып келе жатқан Құнанбай Өскенбайұлы мүсінінің биіктігі 4,15 метр болса, қолтығына кітабын қысқан Абай бейнесінің бойы 2 метр 70 сантиметрге жетеді. Ескерткіш сары мыстан құйылған.

Авторы: Нұрлан Жақыпбеков

Хабар 24 телеарнасы