383,62 430.12 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АӘК алуда жиі кездесетін қос проблема

  • 374
  • UPD: 11:00, 07.06.2019

«Түркістан» газетінде жарық көрген мақаланың тақырыбы. Қазір қоғамда атаулы әлеуметтік көмек алуда екі проблема жиі кездеседі. Қандай кедергілер? Мақаладан үзінді.

«Біріншіден, ата-ана ажырасқан соң алимент өндірмейді. Ал табыс есептеу кезінде алимент кіріске жатады. Аналарымыз алдымен алимент алуы керек, болмаса сот шешімімен келеді. Екіншіден, тексеру кезінде комиссия өтініш берген отбасының зейнеткерлермен бірге тұратынын анықтайды. Ал ортақ табыста көрсетілмеген. Атаулы әлеуметтік көмек тағайындау кезінде «жұмыстан шығып кетсек, жалақымыз азайса келесі айда аламыз ба» деп сұрайтындар бар. Жоқ, біз оларды жұмысқа орналастыруымыз керек. Қоғамдық, әлеуметтік жұмыстар мен жастар тәжірибесі, құрылыста, жол салу кезінде 100-120 мың теңге жалақымен еңбекке араласу ұсынылды. Бірақ «бізге жұмыс емес, АӘК керек» деп отырғандар бар»,-деді қалалық жұмыспен қамту орталығы директорының орынбасары Алтынай Маханова». 

Бала өмірі қырағылықты қажет етеді. БҰл Егемен Қазақстанда жарық көрген мақаланың тақырыбы. Авторы Серік Әбдібектің жазуынша, Жаз айларында балалардың жол апатына ұшырауы, суға кетуі, терезеден құлап мерт болуы, оған қоса астан улану жағдайлары жиілеп кетеді. Ішкі істер министрлігінің деректеріне қарағанда, былтыр 90 бала суға кетіп көз жұмған. Ал биылғы бес айдың өзінде 45 бала осы «тілсіз жаудың» кесірінен бақилық болыпты. Иә, үрейіңді ұшыратын бұл сандардың астарында баланың тағдырына деген жауапсыздық, немқұрайлылық және салғырттық жатқандай.

«Балалардың өмірі мен қауіпсіздігін қорғау мəселелерін Мəжіліс депутаты Бақытгүл Хаменованың алдына көлденең тарттық. «Қателіктерге көпе-көрнеу жол беретіндер жазасыз қалмауы керек. Мысалы, төңкерілген батуттар неге дұрыс бекітілмеді, оны желдің өтіне орналастыруға кім рұқсат берді? Жұрт жаппай демалатын жерлердегі қауіпсіздік шараларына əкімдіктер мен кəсіпкерлер де жауапты»,-деді депутат».

Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы Владимир Беккердің айтуынша, қазір елімізде балалар аттракциондарының жұмысын реттеу ережесі əзірленіп жатыр екен. Ал аттракциондарды пайдалануға бақылау жасау жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін болады.

Сапалы ауыз су әр ауылға. Бұл Сарыарқа самалында жарық көрген мақаланың тақырыбы. Авторы Мұрат Аяғановтың жазуызша, Елімізде 2023 жылы ауыз сумен қамтамасыз ету 100% шешіледі.

«Ауыл жұртын орталықтандырылған су жүйесіне қосу мақсатында биыл аймақта 52 жоба іске асып, 39 нысан пайдалануға беріледі. Сапалы ауызсумен қамтитын бұл жүйелер өміршең етілген тұста өңірдегі 35 мыңнан астам адам орталықтандырылған суға қосылады. Бұл облыстың орталықтандырылған ауызсумен қамтылудағы жалпы көрсеткішін 10 пайызға арттырып, 39,9 пайызға жеткізбек»

Әкімдіктер жұмысының нәтижелілігінің жаңа көрсеткішін анықтау қажет – бұл халықтың таза ауызсуға қолжетімділігін қамтамасыз ету делінген баспасөз бетінде.

Хабар 24 телеарнасы