382,75 428.95 5.97
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы қаласында 520 мың автокөлік тіркелген

  • 241
  • UPD: 15:19, 12.06.2019

Қазақ оқырманы көз тіккен мақала қайсы, отандық басылымдар қай мәселеге мән берді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Елімізде кезектен тыс өткен президент сайлауын әлемдік қауымдастық, халықаралық ұйым өкілдері жіті назарда ұстады. Солардың барлығы дерлік саси маңызды шараның жоғары деңгейде ашық және әділ өткендігін айтып отыр. Мысалы, Egemen Qazaqstan газетінде жарияланған байқаушылардың ой-пікір топтамасында Анкара саясат орталығының директоры Хасан Канболат сайлау қорытындысына былай деп баға береді.

Хасан Канболат, Анкара саясат орталығының директоры:

- Тәуелсіз байқаушы ретінде айтарым, Қазақстандағы сайлау мәдениеті мен шараның өткізілуі басқа мемлекеттер үшін үлгі бола алады. Әрине, Түркияның демократиялық тарихы Қазақстанға қарағанда өте ерте заманда басталған. Бұған қарамастан, Қазақстаннан да үйренеріміз көп. Бірнеше сайлау учаскесінде болдық, дауыстарды санауға қатыстық. Әр учаскеде 1-2 сағаттан болдық. Ол жерде партия атынан келген байқаушыларды да кездестірдік. Барлығы заң аясында болды, құқық бұзушылық орын алған жоқ.

Алматы қаласында 520 мың автокөлік тіркелген. Одан бөлек сырттан күніне 250 мыңдай машина кіреді екен. «Қаланы көк түтін басып, ауаның ластауының басты себебі сол», деп жазады «Айқын» газеті. Қазір тұрғындарды көліктің экологиялық тиімді түріне отырғызу әрекеттері жасалып жатыр. Осы мақсатта көлік жолдары тарылып, есесіне веложолдар кеңейтілуде. Көшеде электросамокаттар тебушілердің де саны артқандығы байқалады. «Бірақ мұның барлығы автокөлікті азайтуға, тұрғындардың одан түбегейлі бас тартуына түрткі бола ала ма?» деп бұл бастаманың өміршеңдігіне мақала авторы күмән келтіреді.

Aiqyn gazeti 

«Әрине, мұндай артықшылықты байқап тұрғанымен, тұрғынның барлығы, тіпті жартысы велосипед, самокат мініп кете алмас. Вело­жолы, инфрақұрылымы дамыған мемлекеттермен салыстырғанда, бұл нұсқаның бізде «өтпей» жүр­ге­ніне үлкен себептің бірі – ауа райы. Біз назарға алған екі транс­портты да қысы ұзақ Нұр-Сұлтанда, жаңбырлы Алматыда да тұрақты қолдану тиімсіз. Тіпті жаз айында да ауа райының қолайсыздығына байланысты олармен қатынай алмай қаласыз. Демек бұл екі нұс­қа да автокөлікті түбегейлі алмасты­ра алмайды. Әйтсе де сізді қоршаған ортаны сақтау мәселесі алаңдатар болса, қолайлы уақытта атаған транспорттарды кәдеге жаратуға болады емес пе?»

Кене шағудан болатын кесел адам өліміне дейін әкеліп соғады. Бұл мәселе әсіресе соңғы жылдары Жамбыл облысында өзекті. Ол жақта жүйелі түрде алдын алу шаралары жүргізіліп жатқанымен, дерт ошағын түбегейлі жою мүмкін болмай тұр, деп жазады Egemen Qazaqstan газеті. Осы жылдың өзінде өңірде бір науқас тіркеліп, өкінішке қарай, кеселінен айыға алмаған күйі көз жұмған екен. Екі жыл бұрын Бай­зақ ауданында кене шағып қайтыс болған жас келіншектің өлімі де көпшіліктің көңілін күпті еткен болатын. Былтыр да өкінішті жағдайдың орын алғанын жұртшылық жақсы біледі.  

«...жаз мезгілінің ал­ғашқы аптасының өзінде-ақ кене шағудың «жыры» басталды. Облыс бойынша биыл мау­сым айында кене шаққан 830 адам тіркелген. Оның ішінде табиғи ошақтардың аумағынан 121 адам бар. Жамбыл облысы бойынша кенеден зардап шеккендердің барлығы 14 күндік медициналық бақылауда болуы қажет. «Себебі, бұл – індеттің инку­бациялық кезеңі, яғни адам ағзасына аурудың қоздырғышы енген сәттен алғашқы белгілері білінетін уақыт аралығы. Атал­ған мерзім ішінде аурудың клиникасы байқалмаса, кенеден зардап шеккен тұлға бақылаудан шығарылады».

Авторы: Мағауия Қалиев  

Хабар 24 телеарнасы