387,09 428,20 6.07
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстанда жыл сайын автобустарға қатысты 500-ге жуық жол апаты болады

  • 961
  • UPD: 12:14, 14.06.2019

Елімізде жыл сайын автобустарға қатысты 500-ге жуық жол апаты болып, салдарынан ондаған адам көз жұмады, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Көшеге шығу көсемдік емес».

Бұл «Түркістан» газетінде жарық көрген мақаланың тақырыбы. Авторы Әсел Әнуарбектің жазуынша, Қазақстанда жыл сайын автобустарға қатысты 500-ге жуық жол апаты болып, соның салдарынан ондаған адам көз жұмады екен. Сондықтан елімізде автобуспен жолаушы тасымалдау қауіпсіздігін күшейту үшін арнайы жол картасы әзірленуде. Ал бұл бастама қаншалықты нәтижелі болуы мүмкін? Бүгінгі күні елімізде тіркелген 90 мыңдай автобустың жартысының пайдалану мерзімі 15 жылдан асып кеткен екен. Сол үшін де ескі техникаға шектеу қойылып, жүргізушілерге деген талап күшейтілмек.

«Әйтпесе автобустардың кесірінен болатын жол апаттарын азайту мүмкін болмайтын тәрізді. Статистикалық деректерге сенсек, жыл сайын автобус жүргізушілерінің кінәсінен болатын 500 жол апатынан 50 адам қаза тауып, 700 жолаушы жараланады. Жыл басынан бері қоғамдық көлікте 7 мыңға жуық заңбұзушылық анықталып үлгеріпті, оның ішінде 3 мың жүргізуші жылдамдықты асырғаны үшін жазаланған. Ал 1300 автобус міндетті техникалық байқаудан өтпестен, жолаушы тасымалымен айналысыпты. Одан бөлек 800 автобустың заңсыз жолаушы тасымалдағаны анықталды».

Хабар 24 телеарнасы