384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Баспасөзге шолу. Арыс қаласы қалай қалыпқа келтіріледі

  • 845
  • UPD: 11:49, 28.06.2019

Аймақтағы жағдай қаланы қайта жөндеуден өткізу мəселесі облыс əкімі Өмірзақ Шөкеевтің жіті назарында. Өңір басшысының айтуынша, шаһар шартты түрде 17 секторға бөлініп, жөндеуден өтпек.

«17 сектор 17 өңір əкімдігіне жөндеу жұмыстарын жүргізуге бөлініп берілді. Əрбір облыстан 10 бригададан, жалпы саны 1500-ден астам құрылысшы келіп, жөндеуді бастайды. Облыстың өкілдері бекітілген секторларды аралап, тиісті жұмыстарға кірісті»,- дейді Түркістан облысының əкімі. Яғни əрбір секторға 17 аудан, қала əкімі бекітіліп, олардың əрқайсысының жанында 40 жауапты қызметкер қолқанат болмақ. Жауапты өкілдер жұма күні тұрғындар қалаға кіргенде үйлеріне орналастырады».

Апат болған қаладағы ағайын үйлеріне оралады. БҰл Егемен Қазақстан жарыө көрген мақаланың тақырыбы. Авторы Нұршат Төкеннің жазуынша, «Арыстағы апатқа төртінші күн. Елдігіміз сынға түскен, сыналған ауыр күндердің аяғы көңіл демеген жаңалыққа ұласып келеді. Ақмешітке жиналған арыстық ағайынның жанайғайын, мұңзарын, талап-тілегін ескерген өңір басшысы Өмірзақ Шөкеев «эвакуацияланған тұрғындарды Арыс қаласына қайтып көшіреміз», деді. ОЛ үшін қала қауіпсіз болу керек қой. СОндықтан қазір саперлер тынбай жұмыс істеп жатыр».

«Апатты аймақтың айналасы Отан алдындағы міндетін адал атқарған əскерилерге толы. Жарылыста от ала алмай қалған оқ-дəрілерден Арысты тазарту бойынша еңбектеніп жатыр. Қорғаныс министрлігінің 408 сапері əскери бөлім аумағындағы, темір жол стансасы мен көшелерді тазалаған. Нəтижесінде 5700-ден астам əскери снаряд табылып, арнайы техникамен көшіруге дайындалған».

Осылайша эвакуациялық пункттерде орналасқан 13187 адам (Шымкент қаласында – 7249, Түркістан облысының аудандары мен қала ларында 5938 адам) туған қаласымен қайта қауышпақ. 

Дәл осы Арыстағы жағдайға байланысты мақала Түркістан гезітінде жарық көрген екен. Авторы бұл орайда Президенттің сөзін келтірген.

Мемлекет басшысы: «Жарылыстың себептерін анықтау қажет. Қылмыстық іс қозғалды, тергеу-тексеру басталды. Егер кінәлілер болса, олар заңмен қатаң жазаланады. Алдағы уақытта Арыс жарылғыш құрылғылардың барлығынан тазартылуы тиіс», – деді. Жалпы қазіргі кезде қаладағы жағдай тұрақталды», - дейді автор Динара Мыңжасарқызы. 

«Қазір Арыс қаласындағы жағдай тұрақты. Бүгінде қаланы тазарту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Төтенше жағдайдан зардап шеккен халықтың да жағдайы қалыпты. Арыс қаласында орын алған төтенше жағдайға байланысты зардап шеккен азаматтармен жұмыс жүргізу және қолдау көрсету мақсатында құрылған арнайы жедел штаб қазіргі таңда толыққанды жұмыс жүргізуде». 

«Ауада ұшқышсыз үш аппарат ұшырылып, өрт ошақтарын бақылауда. Бүгінгі күні 3 от орыны анықталды. Десек те ірі жарылыс орын алмады», – деді ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары Бақыт Құрманбаев. 

«Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев апаттан зардап шеккен тұрғындармен кездесті. Мұндай ақапарат Айқында жарияланды. Басылымның мәліметінше осы күнге дейін  Партия тарапынан ұйымдас­тырылған гуманитарлық көмектің жалпы көлемі 341 тоннаны құрайды. Осы аптаның соңына дейін қалған аймақтардан да автокеруен­дер шығады. Мәулен Әшімбаев Nur Otan пар­тия­сының бұл бағыттағы жұмыстары ары қарай да жалғасатынын айтты.

«Қазіргі таңда партияның бастамасымен еліміздің 9 облысынан гуманитарлық көмек келіп жетті. Алдағы уақытта бұл жұмыстар ары қарай да жалғасады. Енді біз құрылыс материалдарын және басқа да қаланы қалпына келтіру жұ-мыстарына қажетті заттарды жіберу мәселесін қарастырамыз», – деді Мәулен Әшімбаев. 

Бұдан басқа партия қаржылай да қолдау көрсетуде. Атап айтқанда, Орталық аппараттан бастап барлық, яғни 17 аймақтық, 230 аумақтық филиалдың қызметкерлері біркүндік еңбекақыларын зардап шеккендерге көмек ретінде аударды.

Хабар 24 телеарнасы