384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде диссертация жазу қанша тұрады? 

  • 547
  • UPD: 14:46, 10.07.2019

Мұндай тақырыптағы мақала «Түркістан» халықаралық газетінде жарық көрген екен, деп хабарлайды «Хабар 24» тілшісі.

Бұған түрткі болған жағдай – күні кеше астаналық әйел докторлық диссертация жаздырамын деп 1,5 миллион теңгесінен айырылған. Алаяқ өзі талап еткен сомасын алғаннан соң телефонын өшіріп тастап, байланысқа шықпай қойған. «Жалпы, ғылыми жұмысты, дипломды тапсырыспен жаздыру деген жаңалық болмай қалды ғой» деп автор өз ойын білдірген екен.

«Біреуді жалдап жаздырып жатады диссертацияларды. Бірақ ол тіптен керек емес нәрсе. Қазір антиплагиат деген нәрсе бар. Тексеруден өтеді. Соның өзінде айналып өтетін жолдары бар. Мысалы, әрпін ауыстыратын болса плагиат оны танымайды. Мүлде «уникальный» болып шыға келеді. Өзі жазғандай болып. Осындайды комиссия мүшелері білуі керек, реттеуі керек. Әлбетте, барлық магистр мен докторлар диссертациясын сатып алады деуден аулақпыз. Бірақ проблеманы айтпасаң, тағы болмайды. Жалпы, ғылыми дәрежені резюме үшін алып жатқандар көбейсе, ертең мамандардың арасында вакуум пайда болады», – дейді саясаттану ғылымдарының докторы Сағдат Әділбеков». 

Ал заңгер Айдос Шәріповтің айтуынша, «Аталған әрекет Қылмыстық кодекстің 190-бабымен, яғни алаяқтық бойынша сараланады. Осы ретте алаяқ бабының бірінші бөліміне сәйкес мүлкі тәркіленіп, 1 мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзету жұмыстарына тартуға, не болмаса 600 сағатқа қоғамдық жұмысқа тартуға, не екі жылға дейінгі мөлшерде бас бостандығын шектеуге жазаланады».

Авторы: Қорған Төреқожа

Хабар 24 телеарнасы