383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бауыржан Байбек: Ақындарымыз қоғамдағы өзекті мәселелерді ашық айтуы тиіс

  • 253
  • UPD: 10:59, 12.07.2019

Бауыржан Байбек «Nur Otan»-ның айтысты қайта қолға алатынын айтты.

Бұл енді «Айқында» жарық көрген мақала, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары жұмыс сапарымен Қызылорда облысына барған. Сапар барысында ол партияның облыстық активімен кездесіп, алдағы мақсат-міндеттерге тоқталып өтті. Сол кезде белгілі айтыскер ақын Мұхтар Ниязов төл өнерімізді қолдап, айтысты қайта жандандыру жайында өз ұсынысын білдірді.

«Партияның қолдауымен енді ай сайын әр өңірде айтыс ұйымдастырылады. Оның алғашқысы күзде Алматыда өтеді. Ақындарымыз қоғамдағы өзекті мәселелерді ашық айтуы тиіс. Бірақ барлығы конструктивті болуы қажет», - деді Бауыржан Байбек».

Хабар 24 телеарнасы