386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Баспасөзге шолу. Абай мұрасын зерттеу терең дағдарыста

  • 655
  • UPD: 10:59, 19.07.2019

Бұл «Ана тілі» газетінде шыққан мақала. Авторы Ұлттық ғылым академиясының академигі Рақым Оразалиев. Оның пікірінше, Абайтану мәселесі қазір өз деңгейінде емес.

«Өкінішке орай, Абайды тану, оның ұлы мұрасын қоғамда пайдалану мәселесі бүгінгі күндері өз дәрежесінде емес.

«Абай мұрасын зерттеу ісі дағдарыста» деген ойды абайтанушы ғалымдардан да жиі еститін болдық. Абай қазақ халқының рухани тірегінің бірі. Абайсыз, оның мұрасынсыз еліміздің рухани жаңғыруы мүмкін бе? Әрине, мүмкін емес. Ендеше, Елбасы нұсқауын орындап, ұлы ойшыл мұрасын игеруді неге дағдарысқа ұшыратпай, кеңінен зерттеп насихаттамаймыз?».

Күн тәртібінде саяси реформалар. Егемен Қазақстанда Ұлттық қоғамдық сенім кеңесіне қатысты осытндай тақырыпта мақала шыққан екен. Авторы  саясаттанушы, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Ерлан Сайыров. Оның жазуынша Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің жұмысы қоғам үшін де, билік үшін де күрделілеу, жаңғыру уақытында басталғалы тұр. Бұл аспект елдегі саяси процестердің барлық қозғаушы күші жиналатын плюралистік жəне демократиялық Парламент жұмысының басымдығына айналуы керек.

«Сонымен қатар елдегі саяси процестердің географиясын кеңейтіп, елдің саяси өміріне барлық өңірлерді белсене қатыстыру қажет. Өйткені Қазақстандағы саяси процестер тым орталықтандырылып кеткендіктен, азғантай толқулар да саяси жүйені тəлтіректетіп жібереді. Егер саяси процестер орталықтан алыстатылса мемлекет бекемдене түседі. Осы саяси процестерді орталықсыздандыру аясында еліміздің барлық өңірлерінде Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі сияқты кеңестер құруды ұсынған болар едім. Қазір болса өңірлердегі саяси процестер қаңтарулы тұр».

«Ұлттық қоғамдық сенім кеңесін құру қоғаммен арадағы  диалогқа бастайтын маңызды, өзекті жəне ауқымды қадам» деп автор өз ойын түйіндеген екен. 

Қажылыққа қай аймақ тұрғындары көп барады? 

Бұл Түркістан халықаралық газетінде шыққан мақаланың тақырыбы. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне қарасты Дін істері комитетінің төрағасы Ержан Нүкежановтың айтуынша, биыл қжылық сапарға елімізден 3200 адам бармақ.

«Қажылық сапарға арнайы миссия құрылды. Оған дін істері комитеті мен Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының өкілдері, денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері кіріп отыр. Қажылық кезінде ұйымдастыру жағынан, денсаулық мәселесі бойынша қиындықтар туындап жатса, миссия өкілдері көмектесетін болады».

Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасы төрағасының бірінші орынбасары, наиб мүфти Наурызбай Өтпенов қажылыққа ниеттенушілер арасында Түркістан облысының тұрғындары көп екенін айтады. Бұл өңірде 800-ден астам мешіт бар. Жалпы үлкен сапарға биыл баратын азаматтардың орта жасы 30-50 жас аралығын қамтиды деп жазған екен автор.

Хабар 24 телеарнасы