386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Баспасөзге шолу. Қазақстандағы халал индустрияның қауқары

  • 320
  • UPD: 12:28, 06.08.2019

Соңғы бірнеше жылда халал ұғымы ел ішіне кеңінен тарады. Кәсіпкерлер тағамдардан бөлек қызмет түрлерін де осы ұғыммен байланыстыратын болды. Әрине тұтынушылар аудиториясын кеңейту үшін. 

«Егемен Қазақстан» газеті осы бір өзекті мәселеге мақала арнапты. «Халал индустрия: Қазақстанның қауқары қандай» деп аталады. Автор әуелі бұл индустрияның  шетелдік нарықты да біртіндеп жаулап келе жатқанын атап өтеді. Мәселен, Томсон Рейтер агенттігі оның әлемдік нарықтағы үлесі келесі жылы 2,6 триллион АҚШ долларына жетед деген болжам айтыпты. Бұдан кейін автор еліміздегі ахуалға тоқталады. 

«Қазақстанда халал өнімдерін сертификаттаумен айналысатын 5 ұйым бар. Олардың жұмысын бір ізге келтіру үшін жыл соңына дейін бес ұлттық «Халал» стандарты қабылданады деп көзделуде. Ал оны әзір¬леуді Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасы, сондай-ақ халал өнім¬дерді сертификаттайтын бірнеше жеке компания қолға алды. Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымы өкілдері бұл құжатты дайындауда барлық әлемдік талаптар ескерілгенін нақтылады. Енді аталған бірыңғай стандартты құрамында Денсаулық сақтау министрлігі мен Ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілдері, сол секілді өзге де жауапты ведомстволардың мамандарынан жасақталған арнайы комиссия бағаламақ. Жаңа құжатта малды сою технологиясынан бастап, логистика, өнімді сақтау талаптары әрі таңбалауға қатысты негізгі мәселелер қамтылады деп сендірді Ислам азық-түлік қауіпсіздігі ұйымы. Бүгінде халықаралық ұйымның қатарына 33 мемлекет кіреді екен». 

Айта кететін тағы бір жайт, елімізде халал өнімдерді дамытуға бағытталған жол картасы пайда болады. Жауапты мекеме өкілдері оны тамыз айының 15-не дейін  әзірлеуі тиіс.  

Шолуымызды әрі қарай «Айқын» газетімен жалғастырамыз. Бұл басылым да қоғамның назарын аударған өзекті мәселе көтеріпті. Жол үстінде болған зорлау фактісі бойынша айыпталушылардың 2,5 жылға сотталғаны ел ішінде біраз наразылық тудырды. Міне, осы мәселеге арналған мақала «Жоқ деген жоқ деп аталады». Оған белсенді жастар ұйымдастырған флешмоб өзек болған. Мақала авторы шараны ұйымдастырушылардың бірі Айгерім есімді бойженткенмен сұхбат құрыпты. 

«Досыммен бірге отырып, акция жасау үшін жылдық жоспар мен ұзақ дайындық қажет емес деген байламға келдік. Аз уақытта ұйымдасып, әлеуметтік желіге «фотограф, визажист пен суретке түсетін модель іздейміз» деген хабарландыру салдық. Көп ұзамай онлайн талқылауға 85 адам қосылды. Онда жастар мәселеге қатысты көзқарастарымен бөлісіп, қоғамдық маңызға ие тақырыптарды қызу талқылады. Осыдан кейін бәрін фототүсірілімге шақырдық. Суреттер дайын болған кезде флешмоб қатысушылары оларды әлеуметтік желідегі парақшаларына жүктеп, жазбаларымен бөлісті».

Шараның басты мақсаты - осындай оқиғаларға қоғамның назарын аударып, талқылау арқылы заңша қайшы әрекеттердің алдын алу. Шолуымызды темір жол тақырыбына арналған тағы бір мақаламен жалғаймыз. Тамыз айының алғашқы жексенбісі - теміржолшылардың кәсіби мерекесі. Қызылорда обылстық «Сыр бойы» газеті бұл атаулы күнді ескерусіз қалдырмай, осы салада жүрген азаматтардың еңбегін елепті. 

«Бір сәтке де дамыл таппайтын күрежолда қызмет етіп жүрген барлық теміржолшыларды ел әлеуе¬тін көтерушілер десек жарасады. Жаздың ыстығында маңдайын күнге, қыстың суығында кеудесін қарлы боран мен аязға тосып, көктем мен күздің жауынында тыным көрмей қалтқысыз қызмет етудің арқасында теміржол бойындағы тірлік еш бәсеңдеген емес. Міне, осындай еңбек майталмандары қандай да болсын құрметке лайық».

Хабар 24 телеарнасы