386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстанның онлайн нарығы 287 млрд теңгеге бағаланды

  • 299
  • UPD: 10:21, 07.08.2019

«Интернет дейтін базар бар».

«Айқын» газетінде жарық көрген мақаланың бірі осылай аталады, деп хабарлайды «Хабар 24» тілшісі. Авторы – Абай Аймағамбетов. Тілші материалына қазір кеңінен тараған интернет саудасы өзек болған.

Атап өтетін жайт, мақалада тақырыпқа қатысты сандар мен деректер өте көп. Сондай-ақ мамандар пікірі де бар. 

«Айқын». Интернет дейтін «базар» бар…

«2019 жылдың бастапқы айларындағы көрсеткіш бойынша Қазақстанның онлайн нарығы 287 млрд теңгеге бағаланып, жиынтық өсімі 23,2 пайызды құраған. World Cellular Information Service мәліметі бойынша, қазіргі таңда қазақстандықтардың 76,4 пайызы интернетті пайдаланады. Сондай-ақ төлем карталарын пайдалану жағынан да еліміздің көрсеткіші өте қарқынды. 2019 жылдың 1 сәуірінде тіркелген дерекке сүйенсек, елімізде 24,4 млн төлем картасы тіркелген. Ұлттық банктің хабарлауынша, төлемдердің көбі POS-терминал және мобильді банкинг жүйесі арқылы жүзеге асырылған.

Авторы: Нұршапағат Несіпбаев

Хабар 24 телеарнасы