386,01 428,94 5.83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Абайдың жарияланбай келген өлеңдері

  • 202
  • UPD: 13:02, 16.08.2019

Бүгін Абайдың жарияланбаған өлеңдері және қазақ эстрадасындағы ессіз әндер туралы айтамыз.

«Егемен Қазақста» газетінің кезекті санында Абайдың бұрын еш жерде жарияланбаған бірнеше өлеңі жарық көрді. Абайтанушы ғалым Асан Омаров қазақтың бас ақыны жазған, алайда осыған дейін оқырманға ұсынылмаған шумақтарды жинастырып, бас басылымға жолдапты.

1896 жылы Абай баласы Мағауияға Семейден хат жазып, оны мынадай екі ауыз өлеңімен түйіндеген екен:

Ой жүгіртіп қарашы, Мағаш бала,

Сан дегенің тоғыз-ақ, бірден сана.

Нөлді ертпесе бұлар да қысырайды,

Единица сыфат деп біл тек қана.

Көп білгенге көп надан болады қас,

Мәужүд пенен мансұхты ол айырмас.

Бәйтерек те күндейді көлеңкесін,

 Байқап тұрсаң осы жұрт соған ұқсас.

Өлең бұрын еш жерде жарияланбаған. Астары терең. «Единица сыфат деп біл» дегені болыстық қызметке тұңғыш сайланған Мағашқа айтқан өсиеті, өзге де бүркеулі жайттар баршылық. Оның бәрі «Абайдың Мағауияға хаты» атты мақаланың өзегі болған еді, қазір қайталап жатуды жөн көрмедік», делінген мақалада.

Бұдан бөлек, оқырман қауым қалың жұртшылыққа жете қоймаған, тек абайтанушы ғалымдарға мәлім өлең жолдарымен де таныса алады. Автордың айтуынша, бұл өлеңдер ұлы ақынның тұңғыш жинағынан өзгелерінде басылмаған көрінеді.

«Еліміз тәуелсіздікке қол жеткізгенде табылған, Абайдікі екені күдік тудырмайтын екі өлең бар. Бірі – төрт жолдық, екіншісі – алты жолдық жыр шумақтар. Енді оқырман қауымды солармен табыстырайық.

Тоқ, татуды сыйламай,

Аштарға берген ас артық.

Үйінде босқа бұлдамай,

Қатерге түскен бас артық.

Осы төрт жолды сыфаты (сипаты) бойынша нақыл, рубаи, шешен сөз, қанатты сөз, мейлі, афоризм десек те орынды. Өлеңді тапқан – Тараз қаласының тұрғыны, абайтанушы ғалым Әлімбай Найзабаев деген азамат», делінген мақалада.

Хабар 24 телеарнасы