386,71 427,30 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Білім бұлағының бастауы «Әліппе» қайтып оралады

  • 757
  • UPD: 12:15, 21.08.2019

Бұрындары мектепте «Әліппемен қоштасу» ертеңгілігі өтетін. «Айқын» газетінің санындағы мақалалардың бірі осылай басталады.

2016 жылы әліппемен шынымен қоштастық. Орнын «Сауат ашу» басты. Білімнің бастауы, тәрбиенің мөлдірі «Әліппемен» бірге кеткендей күй кештік. Ендігі жеткіншек «Саққұлақ» күшіктің жырын, «Зығыр» әңгімесін оқымай ма деп қынжылдық, делінген бұл материалда. Тамыз конференциясынан сүйінші хабар жетті. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов 2021 жылдан бастап беташар оқулықтың мектеп бағдарламасына кіретінін мәлімдеді. «Ұстаздар болсын, ата-аналар бол-сын, көптен әліппе мәселесін кө¬теріп жүр. Бұл мәселе – өте маңыз¬ды. Біз «Әліппені» қайтару ке¬рек деп есептейміз. Ол 2021 жылы өздеріңізге жақсы таныс, қазақ тіліне бейімделген Ахмет Байтұрсыновтың әдістемесі негізінде енгізілетін болады, – деді министр тамыз конференциясында.

«Қазақ баласы үшін А.Байтұрсынов жазған «Әліппеден» артығы жоқ. Мұны министрдің өзі мақұлдап отыр. Біріншіге барған бала алдымен әріп жаттап, сосын сауат ашатыны қуантады». 

Қазақстандағы жұмыссыздар саны – 440,900 адам. Айқын газеті Ұлттық экономика министрлігі Ста¬тистика комитетінің мәліметтеріне сүйеніп, осындай сандарды жариялап отыр. Елдегі жұмыссыздық деңгейі 4,8 пайызға жеткен. Шілденің соңында жұмыспен қамту органдарына 172,7 мың адам жұмыссыз ретінде ресми тіркелген. Ал шілдеде жұмыспен қамтылғандардың саны 8,8 млн адам болды. Енд бір сандарды сөйлететін болсақ, жұмыс іздеген ерлер саны 303 975 болса, 318 472 әйел тиісті органға өтініш жазған. Ауыл-аймақтан 303 339, қала тұрғындарынан 319 108 өтінім қабылданған. Айтып кету керек, жұмыссыздар саны ең көп ел – Зимбабве. Мұндағы халықтың 95 проценті екі қолға бір күрек таба алмай жүр. 

«Статистикаға көз жүгіртсек, өтініш бергендердің дені қаладан. Ауыл-аймаққа орган жұмысы жайлы хабар жетпеді дегеннің өзінде қала үшін көлемді цифр. Жұмыс іздеп ауылдан қалаға ағылатындар қатары көп. Қаланың өзінде жұмыс таппай жүргендері қаншама. Осындайда «Тракторшының махаббаты» сериалындағы мораль еске түседі. Қай өңір несімен танымал, соны негізге алу керек сыңайлы. Сүтті сиыры бар мекенге сүт зауыты, кені бар жерге металл өңдеу орталығы, қойды ауылға тері өңдейтін орын керек-ақ. Сонда жұмыс іздеп сенделгендер саны азайып, пойыздағы әңгіме ауаны өзгерер еді».

Алтын құйма сыйлау сән бе? Осы сұрақтың жауабын іздеген журналист «Айқын» газетінде алтынға деген сұранысты саралап шыққан. Өткен жылдың 30 қарашасынан елдегі ақша айырбастау пункттерінде алтын құймаларды сатуға рұқсат етілгелі бері бұл металға қызығушылық бұрынғыдан да арта түскендей. Елдегі экономикалық тұрақтылық адамдардың қор жинауына мүмкіндік берді. Рас, күні кешеге дейін банктерде депозит ашып, валюта сатып алып, жылжымайтын мүлікке ақша құйса, енді өз жинақтарын инвестициялаудың тағы бір мүмкіндігі туды. Ол алтын құймалар сатып алу, деп бастайды мақаласын әріптесім. Алтын құймаларды сатып алуда не мән бар? Мұның ең басты ерекшелігі – алтын құнының ешқашан жойылмайтындығында. Мысалы, сол алтын құймалар айырбастау пункттерінде сатылымға шыққан өткен жылдың 30 қарашасында Ұлттық банктің бағамы бойынша алтынның бір грамының бағасы 14 640 теңге болса, осы жылдың 30 шілдесінде 17 569 теңгеге көтерілген. Айналасы тоғыз айдың ішінде 20 пайызға өскен. Бірінен бірі естіп, біліп, бірте-бірте алтын құйма сатып алу қарқын ала бастады. Ақша айырбастау пункттерінің бәрі бірдей алтын құйма сатуға бет бұрған жоқ. Қазіргі таңда жалпы ақша айырбастау пункттерінің 11 пайызы ғана бұл сауда түріне ден қойды. Қалғаны әлі де әліптің артын бағып отыр. 

«Ең қызығы – қазіргі таңда алтын құймаларды мерекелерде, туған күндерде, басқа да айтулы күндері бір-біріне сыйлық ретінде ұсынатындар қатары көбейіп келеді. Өйткені сапасы сенімді, құны жоғары, сондай-ақ бүгін пайдаланып, ертең қолданыстан шығып қалатын зат емес. Сәннен шығып қалады деп те қауіп жасауға негіз жоқ. Демек, ақша жасауды білетін тек бүгінді ғана емес, ертеңін, ұрпағының болашағын ойлайтын адам үнем жасап, алтын құймалар сатып алуға болады».

Хабар 24 телеарнасы