386,71 427,30 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қаржылық шырғалаңға түскен адам адвокат қызметін тегін пайдалана алады

  • 445
  • UPD: 11:28, 30.08.2019

Заңға жетіктің есесі кетпейді. Бұл «Егемен Қазақстанда» жарық көрген мақаланың тақырыбы. Автордың жазуынша, кейбір азаматтар да заң талаптарын тап-тұйнақтай етіп орындай бермейді. Өз ісіне немкетті, шаруасына шалағай. Уақыт өткізіп барып әділдік қумақ. Ондайлар көп-ақ. Бірақ бізде тегін заң қызметтері де бар біле білсеңіз.

«Кәдімгі қарапайым тіршілікте әлеуметтік немесе қаржылық қиын жағдайға тап болған азаматтар адвокаттар немесе заң кеңесшілерінен өзінің құқықтық жағдайын толық сүйемелдеу үшін ақысыз көмек алу заңда көзделген» дейді Ақмола облыстық Әділет департаменті басшысының міндетін атқарушы Бақытжан Өмірзақов.

Қымызға субсидия беріледі. Бұл енді Айқында жарық көқрген мақаланың тақырыбы. Шығыс Қазақстан облысында қымыздың әр литріне 60 теңгеден субсидия төленеді. Тамыз айында «Қарапайым заттар экономикасы» жобасы іске қосылған.

«Мемлекет тарапынан бөлінетін субсидиялар облыс әкімінің қаулысы аясында әр бағыт бойынша бөлініп, бекітіледі. Мысалы, жылқы мен түйе сатып алғанға әр басына 100 мың теңгеден, қымыздың әр литріне 60 теңгеден, ірі қараға селекциялық жұмыстар жүргізу үшін аналық сиырдың әр басына 10 мың теңгеден, асылтұқымды сиырларға 20 мың теңгеден, ал тауарлы саулық қойға 1,5 мың, асылтұқымды қойға 2,5 мың теңгеден субсидиялар қарастырылған» дейді ШҚО Ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Владимир Гайламазян».

Енді мал басын асылдандыру үшін төрт түлікті шетелден емес, өзімізден алуға жағдай жасамақ. Яғни, бұған дейін Ресей, Чехия, АҚШ, Франция, Австралия мен Иран елдерінен асылтұқымды мал тасып жүрген шаруалар ендігі кезекте өңірде өсірілген асылдандырылған мал тұқымдарын сатып алатын болды.

Комада жатқан әйел босанды. Чехияның Брно қаласындағы ауруханада комада жатқан әйел дүниеге қыз әкелген. Баланың дені сау, салмағы 2,1 келі. Дүниеге кесір тілігі арқылы келдң. Бұл жайында dw сайты хабарлады. 27 жастағы  келіншек миына қан кетіп, комаға түскен болатын. Ол кезде әйелдің жүктілігі 16-апта болатын. Жедел жәрдем оны ауруханаға әкелгенше жағдайы нашарлап кеткен. Дәрігерлер, миының өлгенін тіркеген. 

«Үш айдай дәрігерлер әйелдің ағзасын қолдан демеп, босанатын уақытын күткен.  Содан кейін ғана ол құрылғыдан ажыратылған. Дәрігерлердің айтуынша, бұл таңғайып жағдай».

Қазіргі уақытта сәби әкесімен бірге.   Қызығы, дәл осындай жағдай бұл ауруханада 2016 жылы болған. Бірақ ода босанған әйел, кейін есін жиған болатын.

Хабар 24 телеарнасы