387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Екібастұзға қоныс аударғандар өзгенің босағасына жалтамақтамайды

  • 452
  • UPD: 11:04, 02.09.2019

Екібастұзға қоныс аударған көпбалалы отбасыға бірден үш бөлмелі пәтердің кілті табысталған. Алғашқы бір жылы тегін тұрады. Сосын кейінгі төрт жылда айына 13 мың теңге және коммуналдық қызмет ақысын төлейді.

Кейін пәтердің қалған құнын өтеп, баспананы өз аттарына аударып алуға рұқсат. Кәмшат Айымбетова кеншілер қаласына қажетті мамандар қатарынан. Ол кардиолог. Түркістандағы Халықаралық қазақ-түрік университетін «Емдеу ісі» бойынша тәмамдаған.

Сарыарқа самалы газетінде «Nurly Ertis» бағдарламасы бойынша елордадан Екібастұзға қоныс аударған көп балалы отбастары туралы мақала жариялаған. Балаларының өзгенің босағасына жалтақтамай, өз шаңырағында өсіп өнгенін қалаған 300-ге жуық шаңырақ ағымдағы жылы Нұр-Сұлтан қаласынан Екібастұзға қоныс аударды.

Кәмшат Айымбетова,  көп балалы ана:

- Отбасын құрғалы Нұр-Сұлтан қаласында жеті жыл пәтер жалдап тұрдық. Қалтамызға қарай қаланың шетінен пәтер жалдауға тура келді. Оның өзі өте тар. Тапқанымыз пәтер ақысынан аспайды. Оның сыртында балалардың киім-кешегі, ас-суы бар дегендей. Балаларымыз тар бөлмеде таршылық көрмесін деп елімізде қолға алынған бағдарлама арқылы Екібастұзға көшуді жөн көрдік» 

Қоғамдағы ұстаз мәртебесін арттыру мұғалімнің өз қолында. Алаш айнасы газеті Алматы қаласы №178 лицейінің мұғалімі, Білім беру саласының үздігі Эльмира Жанатқызы Рапилованың мақаласын ұсынады.

Эльмира Рапилова,  Алматы қаласы  №178 лицейінің мұғалімі:

- Қазіргі қоғамдағы ұстаздар мәртебесі туралы сөз қозғар алдында, қазақтың хас батыры Бауыржан Момышұлының «Ұстаздық – ұлы құрмет. Себебі ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді. Өмірге ұрпақ берген аналарды қандай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да сондай ардақтауға міндеттіміз», – деген сөзі еске түседі. Яғни бала бойына ата-анадан кейінгі ақыл-ой, адамгершілік, әдептілік, ар-ұят, ұлттық сана-сезімді сіңіруші жан – ол мұғалім. Қоғамда мұғалім мәртебесі туралы әртүрлі пікірлер қалыптасқан. Дегенмен де, білім мазмұнының өзгеруіне байланысты, мұғалімге деген көзқарас та, талап та өзгеруде.

«Айқын» газетінде «Еңбек еткеннің еңсесі биік» атты  мақала жарық көрді. Малдың еті кисең киім, жесең тамақ ретінде қажетке жараған. Елбасы қашанда ел әлеуетін арттыру мақсатына арналған жоба­ларды, оның ішінде мал шаруашылығын дамыту мәселесін өз назарынан тыс қалдырған емес. Ақмола облысы Целиноград ауданы Приреч­ный ауылының тұрғыны Гүлнәзия Бағдатқызы  жеке қожалық ашып, мал шаруашылығын дамытып отыр.

Гүлнәзия Бағдатқызы, қожалық басшысы:

«Орайы келсе, орақ ор» деп халқымыз бекер айтпаса керек. Біз де өз шаруа қожалығымызды құрып, мал шаруашылығымен айналыса бастадық. Содан бері осы кәсіпті дамытып, соның несібесін көріп отырған жайымыз бар. Құдайға шүкір, дербестіктің көк туы желбірегелі бері еліміз жыл санап өсіп-өркендеп, олқылықтардың орнын артығымен толтырып жатыр. Тек біз ғана емес, алғашқы жылдары тоқырауға ұшыраған жергілікті шаруа қожалықтары бүгінде біраз қор жинап, тындырымды тірліктер атқарып, еңселерін тіктей түсті. Біз де малымыздың санын өсіріп, жұмысымызды арттырып, табысымызды еселеп отырмыз, Кез келген кәсіпті аяғынан тік тұрғызу оңай шаруа емес. Қандай да бір қиындықтарға кезігесің»

Кәмшат Айымбетова,  көп балалы ана: 

- Екібастұз қалалық 3-ауруханаға жұмысқа орналастым. Ұжым өте жақсы қарсы алды. Білгенімді ел игілігіне жұмсауға күш салып жатырмыз. Үйіміз жайлы. Көршілермен де етене араласып кеттік. Бастысы, балаларымыздың кең үйде мәре-сәре болып жүргені қуантады.

Отағасы құрылысшы. Балаларды мектеп пен балабақшаға орналастырған соң  ол да «екі қолға бір күрек» алуға әзір»Ал, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінде «Елорда жастары сыйлығы» байқауының ұйымдастырушыларымен баспасөз конференциясы өтті деп жазады Астана ақшамы газеті. Биыл үшінші рет өткізілетін байқаудың номинациялар саны көбейген. Жастар жылына орай «Жыл жаңалығы» және «Ерлігі үшін» атты екі арнайы сыйлық қосымша тағайындалған. 14 пен 29 жас аралығындағы өз саласында озық жүрген жастарды қазылар алқасы мен халық бірге таңдап, шешуші дауыс SMS арқылы қабылданады. 

Алпамыс Шәрімов, жобаның бас ұйымдастырушысы:

-Әлеу¬меттік саланың үздік қызметкері», «Өндірістің үздік қызметкері», «Жас волонтер», «Үздік кәсіпкер», «Үздік SMM-менеджер» номинацияларымен қатар «Ұлттық өнер» және «Үздік жастар театры» деген аталымдар енгізілді.  100 мың теңге жүлдеге қосымша ерекше статуэтка тапсырылмақ. 30 қарашада Бейбітшілік және келісім сарайында өтетін марапаттауға алыс-жақын шетелден өнер майталмандары қатысады. 

Жастарды мемлекеттік деңгейде қолдауды көздеген, 18  түрлі бағытты қамтитын «Елорда жастары сыйлығы» байқауы қараша айында өтеді. Ал өтінімдер 1 қыркүйек пен 15 қазан аралығында қабылданады. Жеңімпаздар автоматты түрде республикалық «Дарын» сыйлығының үміткері атанады. Қатысушының байқауға өткізетін құжатында Нұр-Сұлтан немесе Астана деген мекенжайы болуы керек. Қазақ басылымдарын оқи жүріңіздер.

Хабар 24 телеарнасы