386,71 427,30 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ҚР АШМ: Қордағы бидайдың арқасында нан бағасы өспейді

  • 326
  • UPD: 12:59, 04.09.2019

«Нан болса, ән болады». Өткен ғасырда ұран ретінде айтыла салған бір ауыз сөз әлі де маңыздылығын жоғалтпай келеді.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаровтың айтуынша, биыл да нан бағасы тұрақты болады. Министрлік жыл басынан бері ас атасының бағасын қалыпты ұстап тұру үшін бірқатар шара қабылдаған. Дегенмен биыл кейбір аймақтарда қуаңшылық болып, астық аз жиналған. Бірақ қордағы бидайдың арқасында нан бағасы өспейді. Бұл туралы «Егемен Қазақстан» газеті министрдің түсініктемесін жариялады. 

Сапархан Омаров, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі:

– Егер біз 19 млн тонна астық жинасақ, оның 9 миллионы ішкі нарықта қалады. 7-8 миллион тоннасын экспорттаймыз, 2 миллион тонна астық қалады. Оған қоса, бізде былтырғыдан қалған астық бар. Оның көлемі 1,5 миллион тоннаны құрайды. Жалпы бізде ішкі нарықты қамтамасыз ету үшін астық жеткілікті», – деді министр.

Хабар 24 телеарнасы