386,71 427,30 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ауыл мен қала мектептеріндегі алшақтық сыры неде?

  • 254
  • UPD: 12:17, 06.09.2019

«Білімдегі ала-құлалық» виртуалды ойындардың зияндығы һәм жұмысқа орналастырғыш алаяқтар.

Осындай мазмұнда отандық басылымның бірінде мақалалар шыққан екен. Бүгін «Айқын» газетін шолып шықтық.

Ауыл мен қала мектептеріндегі алшақтықтың сырын «Айқын» газеті іздеді. «Екі жақтың білім сапасы жер мен көктей», деп жазады республикалық басылым. Ауылдағы білім ошақтарының 28%-і суды әлі тасып жүр екен. Ал 56%-і дәретті даладағы дәретханаға барып сындыратын көрінеді. Мұндағы мектептердің 10%-і пешпен жылытылады. Мақала авторы ер мұғалімдерді дайындайтын жоғары оқу орнын ашуды да ұсынып отыр. «Апайын алдап соққанымен, ағайына өтірік айтпауға, оның алдында өзін жігіттерше ұстауға тырысатын тәрбие бастауын айтып отырмыз. Біздің тәрбиемізде ер мұғалімнің алдында баланың бұзықтығы тұсауланып, қыздың ибалығы артады. Мәселе сол ер мұғалімдердің аздығында болып тұр. Статистикаға сенсек, еліміздегі орта мектептерде сабақ беретін 300 мыңға жуық мұғалімнің 85%-і әйел ұстаздар екен. Орта есеппен алғанда әр мектепте 2-3 ер мұғалім ғана жұмыс істейді деуге болады» делінген мақалады.

Цитата: «Баланың үйдегі тәрбиешісі – әйел, мектептегі мұғалімі тағы да – әйел. Бұл жерде біз бала тәрбиесіне байыппен қарайтын әйел-ана-ұстаздарға өкпе артып отырған жоқпыз. Керісінше, дәл осы тәрбиеге келгенде ер адамдардың орны ойсырап тұрғанына налып отырмыз. Ойында отағасылық міндеті мен бала-шағасын асырау міндеті тұрған ер адамның жалақысы жан бағысына жетпейтін ұстаздық қызметті талап ету де орынсыз шығар, бәлкім. Педагогтар мәслихаттарда еліміздің мектеп-терінде ер мұғалімдердің барған сайын сиреп бара жатқанына алаңдайтын ұстаздар қауымы ер мұғалімдерді дайындайтын арнайы педагогикалық жоғары оқу орнын ашу жөнінде де ұсыныстар айтып жүр. 1950-жылдардағы әйел мұғалімдердің жетіспеушілігінен Алматыда Қазақ қыздар педагогикалық институты ашылғанын, педагогикалық мамандыққа әйелдерді көптеп тарту жөнінде үгіт-насихаттың күшейіп, қыз-келіншектердің педагогикалық білім алуына қажетті қамқорлықтың бәрі жасалғанын ескерсек, бұл ұсыныстардың ұрымтал тұсы көп».

 

Хабар 24 телеарнасы