385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Баспасөзге шолу. Азаматтар зейнетақысын өздері басқаруы тиіс

  • 202
  • UPD: 13:46, 11.09.2019
Баспасөзге шолу. Азаматтар зейнетақысын өздері басқаруы тиіс

Азаматтар зейнетақысын өзі басқаруға тиіс. Бұл «Егемен Қазақстан» жарық көрген мақаланың тақырыбы. Авторы экономист Мақсат Халық.

Оның пікірінше, келер жылдан бастап жаңа ережеге сəйкес зейнетақы аударымдарына жұмыс беруші міндетті 10 пайыз аударымнан бөлек қызметкердің жалақысының қосымша 5 пайызын қосып төлеуі тиіс болатын. Шыны керек, бұл қоғамда өте қызу талқыланды. Кəсіпкерлердің тарапынан түрлі өткір пікір айтылды. Президент Жолдауынан кейін бұл өзгеріс 2023 жылға шегерілгенін мемлекеттің қазіргі жағдайда қосымша төлемнің тиімсіз екенін түсінгенін көрсетсе керек.  

Мақсат Халық, экономист, Progente экономикалық зерттеу орталығының жетекшісі:

- Экономист ретінде осы мəселеге қатысты мынаны айтқым келеді. Қосымша 5 пайыздық төлем салық түсімдерін көбейткенімен, жұмысшылардың жалақысының азаюына ықпал етіп, тіпті жұмыс берушілер вакансияларды қысқартуға да мəжбүр болуы мүмкін еді. Жарнаны көбейтпес бұрын алдымен халықтың еңбекақысын көбейтуге басымдық беру керек. Жаңа айтып кеткенімдей, оны жұмыс берушілер төлегенімен, бəрібір бұл фактор еңбекақының көлеміне кері əсер етеді. 

Екіншіден, зейнетақы қорындағы қаражатты əрбір адамның өзі басқаруына мүмкіндік беру туралы шешім аса орынды əрі қажет болып отыр. Өз қаражатын өзі басқара алатын мүмкіндігі болған жағдайда халықтың жарнаны көбірек салуға ынтасы күшейеді. Мысалы жинақталған қаражаттың бір бөлігін ипотекаға тұрғын үй алу үшін  жұмсауына болады деген екен Мақсат Халық.

Қымыз Гиннеске енеді. Бұл Айқында шыққан мақаланың тақырыбы. Жаңаарқада он мың литр қымыз дайындалып, Гиннестің рекордтар кітабына енгізілмек. 14 қыркүйек күні Қарағанды облысында бір уақытта екі мерейтой атап өтілмек. Бірі Жаңаарқа ауданының 90 жылдығы болса, екіншісі жазушы Сәкен Сейфуллиннің 125 жылдығы аталады. 

Бұл енді Түркістан халықаралық газетінде жарық көрген мақаланың тақырыбы. Басылым коррупцияға қарсы қызметтің дерегіне сүйеніп, Бөкетов атындағы ҚарМУ ректоры пара берді деген күдікке ілінді деп жазған. Қазір сотқа дейінгі тергеу шаралары жүріп жатыр.

«Ол БҒМ «Ғылым қоры» АҚ Басқарма төрағасына ғылыми жобаларды қаржыландыру және жалпы қамқорлық туралы мәселені оң шешкені үшін бес мың АҚШ доллары сомасында пара берді деген күдікке ілінді» делінген хабарламада. Ведомство өкілдері, сондай-ақ «Ғылым қоры» АҚ Басқарма төрағасының пара алу фактісі бойынша тергеу жүргізіліп жатқанын айтты.

Хабар 24 телеарнасы