387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жанармайы ең арзан ел – Қазақстан

  • 233
  • UPD: 12:34, 13.09.2019

Елордадан Екібастұзға 203 отбасы көшті.

Бұл – Егемен Қазақстан жарық көрген мақаланың тақырыбы. «Нұрлы Ертіс» пилоттық жобасы аясында биыл мамыр айынан бастап ел астанасынан Екібастұзға 203 отбасы, яғни 1169 адам қоныс аударды, деп хабарлайды Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі. Бұл – бағдарлама аясында көшкендерге 35 айлық есептік көрсеткіш, яғни отбасының әрбір мүшесіне 88 мың теңге мөлшерінде ай сайынғы субсидия төленеді. Қажетті жұмыс құралдарын, технологиялық жабдықтарды, үй жануарлары мен құстарын сатып алуға һәм жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік бағдарламаның қатысушыларына 200 АЕК-ке дейін қаражат бөлінеді.

Биыл сегіз айда «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасымен еңбек күші тапшы өңірлерден 1650 отбасы, яғни 5 918 адам белгіленген өңірлерге көшкен.

Зеленский депутаттарды қол сұғылмаушылықтан айырды. Бұл – «Айқында» шыққан мақала. Украина президенті Владимир Зеленский депутаттарды қол сұғылмаушылық құқығынан айыратын заңға қол қойды. Бұл туралы Украина басшысының ресми сайтында хабарланды. Заң 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді. Бұған дейін аталған заңды Жоғары Рада мақұлдаған еді. Қабылданған құжатқа сәйкес, Украина Конституциясының 80-бабынан украиндық депутаттарды қылмыстық жауапкершілікке тартуға, ұстауға немесе қамауға алуға болмайды деген ереже алып тасталады.

Түркістандағы алапат жарылыс неден болды? «Түркістан» халықаралық газетінде осы тақырыпта мақала шыққан екен. Төтенше жағдайлар жөніндегі комитеттің баспасөз қызметі аталған оқиға жайлы хабар таратты. Олардың мәліметінше, 19.00 шамасында Бекзат Саттарханов көшесінде орналасқан Royal Grand Hotel қонақүйінің территориясында газ баллондары тиелген ЗИЛ көлігі өртенген. Қазіргі уақытта ауруханаға жатқызылғандар саны – 5 адам. Олардың жағдайы орта деңгейде.

Жанармайы ең арзан ел – Қазақстан. Бұл «Астана ақшамы» газетінде шыққан мақаланың тақырыбы. Экономикалық сарапшы, техника ғылымдарының докторы Тоқтамыс Меңдебаев қазіргі кезде біздің жанармай қоймаларының толық, қоры мол екенін, оның ішінде Ресейден бұрын әкелінген жанармай да болғандықтан, жанармайға сұраныс азайғанын, осының нәтижесінде бензин бағасы төмендегенін айтады. Экономистің айтуынша, жанармайды Өзбекстан, Тәжікстан, Ауғанстанға экспорттау еліміздің ішкі нарығындағы жанар-жағармайдың бағасына кері әсер етуі мүмкін.

Ресейдің ұлттық энергетика қауіпсіздігі қоры жетекші сарапшысы Игорь Юшков ресейлік ақпарат құралдарына берген сұхбатында екі елдегі баға айырмашылығын сараптай келе: «Қазақстанда бензиннің өзіндік құнындағы салықтардың үлесі аз. Ресейде бір литр бензиндегі мемлекеттік алымдардың үлесі 70-80% шамасында. Қазақстанда бұл көрсеткіш төмен. Оған қоса, Қазақстан біздегідей акцизді көтермеді. Екіншіден, Қазақстан жақында МӨЗ жаңғыртуды аяқтап, мұнай өнімдерін өндіруді ұлғайтты, осыдан келіп баға айырмашылығы пайда болды» деген.

Хабар 24 телеарнасы