389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Темір жолдағы келеңсіздіктерді жоюға неміс мамандары шақырылады

  • 491
  • UPD: 13:02, 18.09.2019

Теміржолымызға немістер тәртіп орнатады. «Қазақ үні» газетіндегі мақалалардың бірі осылай деп басталады.

«Темір жолдағы келеңсіздіктерді жоюға неміс мамандары шақырылып, саладағы билет жетіспеушілігін, вагондарды және сапасыз қызметті жөнге келтіруге кірісіп кетті», - дейді республикалық басылым.

Жылдар бойы ҚТЖ-ның топ-менеджерлерінің қолынан келмеген шаруа енді немістерге тапсырылды. Шетелдік мамандарға қанша ақша төленетіні ашық айтылмай отыр. Бір білетініміз, олар маркетинг, сауда сияқты бөлімдерге орналасып, қызмет атқарады. Жүйелі түрде қалыптасқан теміржолдағы билет тапшылығын жойып, пойыздардағы қызмет сапасын жақсартуы керек. Жаңа тағайындалған шетелдік бас директор Михаэль Кортюм 14 қызметкерін ертіп келген. Германиядан келген басшы «Тальго» пойызына мініп, Алматыға жол тартпақ. Мақсат – пойыздың жай-күйімен танысу.

«Қазақ үні» газетінен цитат: «Келесі аптада қарапайым пойыздарға мініп, бүкіл Қазақстанды аралап шығуды көздеп отырмын. Сол вагондарда жолаушылардың қандай жағдайда жүретінін өз көзіммен көремін. Қазірдің өзінде «Тальго» вагондары бойынша келісімшартты қайта қарап, бірқатар жеңілдіктерге қол жеткіздік. Бағаның арзандауы алдағы уақытта сезіледі».

Автор өз мақаласын былай деп түйіндейді: «Пайдасы мол саланы басқара алмай қарызға батырған біздің мамандардың беті неге қызармайды. Апырау, сонда біздің қолымыздан не келеді өзі?»

Хабар 24 телеарнасы