389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Министр мұғалімдердің жалақысы қаншалықты артатынын айтты

  • 643
  • UPD: 12:25, 20.09.2019

Министр мұғалімдердің жалақысы қаншалықты артатынын айтты. Бұл жаңалық Түркістан Халықаралық газетінде жарияланған екен. Білім министрі өз сөзінде мемлекет бойынша мұғалімдердің жалақысының деңгейі орташадан төмен екенін және 110 мың теңгені құрайтынын жеткізді. Ведомство басшысының сөзінше, келесі жылдан бастап мұғалімдердің жалақысы 25 пайызға артпақ. 

Президент оралман сөзінің орнына Қандас сөзін енгізуді ұсынды. Егемен Қазақстан жариялапты. Бұл туралы Мемлекет басшысы өзінің Twitter парақшасында жазған. «Бұған дейін айтқанымдай, атамекеніне оралған қазақтарға қатысты Оралман сөзінен бас тартып, оның орнына Қандас сөзін енгізу керек. Жеті атасын білетін халыққа Қандас деген ұғым жарасады», деген екен Қасым-Жомарт Тоқаев.  

«Сынып жетекшілігі мен дәптер тексергені үшін екі есе үстемақы, педагогикалық шеберлігі үшін үстемақы, барлық педагог үшін еңбек демалысы мерзімінің 56 күнге дейін ұзартылуы, тәлімгерлігі үшін үстемақы және басқа да шаралар мұғалімдер үшін негізгі материалдық ынталандыру болады», - дейді Аймағамбетов. 

Қазақстанда балаларына екпе салдырудан бас тартқан ата-аналардың кейбіріне айыппұл салынады. Алайда балалардың бәріне бірдей тегін медициналық ем көрсетілетін болады. Бұл Астана ақшамында жарық көрген мақаланың тақырыбы. 

Министрлік өкілдерінің мәлі­метінше, жыл басынан бері елде 6 мыңға жуық вакцинациядан бас тарту фактісі тіркелген. Ата-аналардың 50 проценті жеке наным-сенімдері, 35 проценті діни наным-сенімдері, ал 15 проценті вакцина сапасына деген сенімсіздік пен бұқаралаық ақпарат құралдарында жарияланатын жағымсыз жаңалықтар себебінен екпе салдыруды құп көрмеген.

Хабар 24 телеарнасы