389,75 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Баспасөзге шолу: қазақ әдебиетінде қандай мәселелер бар

  • 508
Баспасөзге шолу: қазақ әдебиетінде қандай мәселелер бар

Биыл – қазақ жырының құлагері Ілияс Жансүгіровтің туғанына 125 жыл толып отыр.

Осыған орай «Айқын» газетінде «Аршылмай жатқан құнды қазына» деген тақырыппен көлемді мақала жарық көрді. Автор әуелі Жансүгіров мұрасын зерттеуде біраз кемшіліктің барын айтады. Сөзін салмақтай түсу үшін қаламгерге жасалған бір қиянатты алға тартады.

«Ілияс Жансүгіровтің кейбір шығармаларының қай жылы шыққаны, қандай тіл мен баспа, тиражы мен көлемі қанша, мазмұны жайына тоқталайын. 1933 жылы «Қазақстан» баспасынан «Қазақ әдебиеті классиктері» айдарымен Абай Құнанбайұлы шығармаларының толық жинағы қазақша жеке кітап болып, латын әрпімен шығады. Жинақтаушы – Мұхтар Әуезұлы. Оқып шығып, алғы сөзін жазған – Ілияс Жансүгірұлы. Тиражы 6000 дана болып шыққан кітап қазақ даласын елең еткізген үлкен оқиға болды. Себебі бұл қазақ жерінде басылған Абай шығармаларының алғашқы жинағы еді. Бір ғажабы кітапта 1953 жылы «кітап тексерілген» деген штапм басылып, сол кезде Ілияс Жансүгірұлы дегенді алып тастапты. Алғы сөзі жоқ. «Қазақстан» баспасы атынан Тайыр Жарокұлы алғы сөз жазады. Осылайша, Ілияс еңбегіне кезекті қиянат жасалады».

Мақалада бұдан басқа да қызықты деректер жетерлік. Бізде миллион данамен сатылған кітап бар ма? «Қазақ әдебиеті» газетінде жарияланған мақаланың бірі осылай аталады. Тақырыбы айтып тұрғандай, автор қазақ әдебиетіндегі проблемаларды түгендейді. Нарықтық әдебиетке көшпеуіміздің себебін іздейді. Сондай-ақ мектеп оқулығында классиктерді қалдырып, шығармаларында кеңес идеологиясы көрініп тұрған авторларды алып тастау қажет деген ой айтады. Жалпы оқырман қауымға осы және бүгін біз айтқан басқа да мақалаларға назар аударуға кеңес береміз.

Хабар 24 телеарнасы