387,14 428,20 6.07
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде ұн бағасы қымбаттады

  • 678
  • UPD: 12:04, 27.09.2019

Нан қымбаттай ма? Бұл енді «Түркістан» халықаралық газетінде жарияланған мақаланың тақырыбы.

Анар Лепесованың жазуынша, министрліктегілер әзірге нарық бағасы тұрақты деп сендіргенімен, еліміздің астық өңдеушілер қауымдастығы күні кеше бидай бағасының шамадан тыс қымбаттап кеткенін айтып дабыл қақты. Соның салдарынан ұнның да бағасы жылдағыға қарағанда шарықтаған. Қарағанды облысында 24 диірмен болса, қазір оның барлығы да бидайдың жоқтығынан қаңтарулы тұрған көрінеді. Астықтың жетіспеушілігі мен бағаның тұрақсыздығын шешу үшін қауымдастық мүшелері осы саладағы шикізат экспорттау жұмыстарын реттеуді өтініп отыр. Сондай-ақ кәсіпкерлер сыртқы нарықта өздерінің барынша қорғалғанын қалайды. Астық өңдеушілер қауымдастығының мүшелері осы мәселені де көтеріп, Үкіметке хат дайындауда. «Астықтың қымбаттауына байланысты ұнның құнын да көтеруге мәжбүр болдық», - дейді қарағандылық диірменшілер. Мәселен...

«Түркістан» газетінен:

Биыл астық жылдағыдай бітік шықпады. Шілденің ыстығында бірқатар егіс алқаптары күйіп кетті. Құрғақшылықтан Қостанайдың 8 ауданының алқаптары қатты зардап шекті. Мамандардың айтуынша, бидайдың өнімділігі орташа есеппен гектарына 4-5 центнерден аспаған. Бұдан бөлек көптеген егістік жерлерінің топырағы құнарсызданып кеткен. Енді нанның қымбаттамауы үшін не істеу қажет деген сұрақ туындайды ғой.

Хабар 24 телеарнасы