389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Баспасөзге шолу. Антарктидалық айсберг кемелерге қауіп төндірді

  • 311
  • UPD: 11:45, 02.10.2019

Антарктидадан 315 млрд тонналық айсберг бөлініп шықты. Мұндай мәлімет Айқында жарияланды.

Антарктиданың солтүстік бөлігі Эймери мұздығынан соңғы 50 жылдағы ірі айсберг бөлінді. Алып айсберг аумағы жағынан (1,6 мың шаршы шақырым) шотландиялық арал Скайдан сәл ғана кіші. Ғалымдар қалыңдығы 210 метрлік айсбергтің қозғалған бағытын аңдып отырмаса, алып мұз массасы мұхиттағы кемелерге қауіп төндіруі мүмкін екенін ескертті. 

«Томирис» көңілден шықты ма? Бұл Айқында шыққан мақаланың тақырыбы. Авторы былай деген екен. Қазақстандық ақпарат кеңістігіне жарқ етіп шы­ғып, үш-төрт күннен бері  жалпыға ортақ тақы­рып болып жатқан «Томи­рис». Осы орайда автор кинотанушымен сұхбаттасқан екен. 

Түрмеден қашып, 17 жыл үңгірді паналаған ер адам табылды. Бұл жаңалық Түркістан халықаралық газетде жарық көрген екен. Қытайда түрмеден қашып кеткен ер адам 17 жыл бойы үңгірде жасырынған. Кезінде адам саудасы үшін сотталған қашқын қайтадан түрмеге қамалған. 

Қашқынның қайда жүргенін ұшқышсыз басқарылатын құрылғының көмегімен анықтау мүмкін болды. Полицейлер әуеден түсірілген суреттерден үңгірдің үстіндегі көк түсті болат шатырды байқапты. Сонымен қатар сол маңда қоқыс жатқаны көрінген. Полицейлер ер адамды үңгірде жасырынып жатқан жерінен ұстады. Полиция мәліметінше, Сун Цзян ұзақ уақыт жалғыз өмір сүргендіктен орган қызметкерлерімен әрең тілдескен.

Хабар 24 телеарнасы