388,62 430,50 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Абонентпен шартқа отырмастан SIM-карта сатқан операторға қомақты айыппұл салынады

  • 338
  • UPD: 16:26, 23.10.2019

Жүргізілген тексерулердің нәтижесінде ұялы байланыс қызметтерін көрсетуге келісімшарт жасамай SIM-карталарды сату фактілері расталса, дилерлерге 100 АЕК дейін айыппұл салынады.

Sim-карта сататын сауда нүктелері жаппай тексеріледі. Бұл ақпаратта Түркістан халықаралық газетін де жарияланған екен. Азаматтардан түскен шағымның негізінде Нұр-Сұлтан қаласындағы SIM-карта сататын сауда нүктелерінде жоспардан тыс тексеру жұмыстары басталады, деп хабарлайды еліміздің Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің телекоммуникациялар комитеті.

2020 жылы Қазақстанда қандай жолдар ақылы болады? Бұл – «Егемен Қазақстанда» жарық көрген мақаланың тақырыбы. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы Сайранбек Бармақов PrimeMinister.kz-ке берген сұхбатында республикалық маңызы бар бірқатар автожолда жол жүргені үшін ақы алу жүйесін енгізу бойынша атқарылып жатқан жұмыстар жайлы айтып берген. Оның сөзінше, бүгінде Қазақстанда 682 шақырым автожол ақылы. «Ақылы жолдан түскен ақша толығымен осы жолдарды қамтамасыз етуге жұмсалады. Бұрын оларды қамтуға республикалық бюджеттен қаражат бөлінетін. Жыл басынан бері біз осы төрт ақылы жолдан 4 млрд 130 млн теңге жинадық», – деді комитет төрағасы. Алдағы уақытта өзге жолдар да тегін бола қоймайды екен. 

Алдын ала есептеулер бойынша, ақылы жолдардан алымдар жылына 40 млрд теңгені құрайтын болады, бұл автомобиль жолдарының өз-өзін қамтуға көшуге мүмкіндік беріп, инвестордың төлемақысын жабуды қамтамасыз етеді. Осылайша, жоба өзін-өзі ақтайтын болады және мемлекеттік бюджетке салмақ түсірмейді.

«ҚазМұнайГазға» еншілес ұйымның басшысы пара алып жатқан жерінен ұсталды. Мұндай ақпарат «Айқында» шықты. Маңғыстауда «KMG EP-Catering» ЖШС бас директоры пара алды деп айыпталып отыр. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі хабарлаған. 

Олар азық-түлік алу және жеткізу мәселесінде оң шешім танытқаны және алдағы жасайтын қамқорлығы үшін жеке кәсіпкерден 3 млн теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілініп отыр. Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр. Күдіктілерге қатысты түпкілікті шешімді сот қабылдайды.

Шағын литражды көліктер салықтан босатылады. Мұндай мәліметті «Түркістан» халықаралық газетінен оқыдым. Энергетика министрлігі шағын литражды көлік жүргізушілерін көлік салығынан босатуды ұсынды. Бұл туралы Энергетика министрі Қанат Бозымбаев айтты: «Біз шағын литражды көліктерді салықтан босату туралы ұсыныс дайындадық. Яғни қозғалтқыш көлемі үшке дейінгі көлік жүргізушілері көлік салығын төлемейтін болады. Егер бензин акцизінің деңгейі өссе, әрине, бензин бағасы да өсуі мүмкін. Сондықтан шағын литражды автокөліктер үшін көлік салығын жою керек немесе азайту керек деген ұсынысымыз бар. Оны ұлттық экономика министрлігіне енгіздік». 

Қанат Бозымбаевтың айтуынша, қазір Ресеймен салыстырғанда, елімізде бензин 100 теңгеге, ал дизель отыны 50-60 теңгеге арзан.

Хабар 24 телеарнасы