387,09 428,20 6.07
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Баспасөзге шолу. Ендігі дау бензиннен шықпасын

  • 310
  • UPD: 13:31, 01.11.2019

Ендігі дау бензиннен шықпасын...Мұндай тақырыптағы мақаланы Егемен Қазақстаннан оқыдым. Соңғы уақытта жанармай бағасына қатысты мәселе Энер­гетика министрлігі мен Ұлттық экономика министрлігінің арасында көкпарға айналып кеткендей. 22 қазан күні Энергетика министрі Қанат Бозымбаев жыл аяғына дейін бензиннің акциз бағасының көтерілмейтінін айтты. Ал бұдан сәл бұрын Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов оны көтеру туралы мәселе қарастырылып жатқанын хабарлаған.

Алда ЕАЭО нарығында жа­нар-жағармай секторының ортақ нарығын көтеру мәселесі күн тәр­ті­біне шығатын уақыт келе жатыр. 

Мәнізоров ісі: Агенттік Бас прокуратура шешіміне наразылық танытты. Бұл Айқында шыққан мақаланың тақырыбы. Қазақпарат агенттігіне сілтеме жасаған газет тілшісінің жазуынша Сыбайлас жемқорыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Бас прокуратураның Алматы облысы әкімінің орынбасары Бағдат Манзоровқа қатысты қылмыстық істі жабу шешіміне наразылық танытты. Бұл туралы аталған агенттіктің 1-департаментінің басшысы Қанат Сүлейменов айтты. 

Осы орайда ол тергеудің мән-жайы құпия екендігін, оны прокуратура органдарының келісімімен ғана жариялауға болатындығын айтты. Сонымен қатар, департамент басшысы Бас прокурор тарапынан агенттікке заңдылықты бұзуға жол берген қызметкерлерді тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы ұсыным түскендігін растады. 

Жемқорлық фактілері жайлы хабарлаған азаматтарға 10 млн теңгеге дейін сыйақы берілмек. Бұл енді Түркістан газетінде жарияланған мақаланың тақырыбы. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің алқа мәжілісінде таратылған мәліметке сәйкес, бүгінде сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабар берген адамдарды ынталандыру тетігі бар. Алдағы уақытта оны дифференциалды жүйеге ауыстыру жоспарланып отыр. Сыйақының мөлшері параның көлеміне қарай анықталады. Мәселен, 2 миллион теңгенің парасы туралы хабар берілсе, осы соманың 10 процентін сыйақы ретінде беру ұсынылды. Ал сыйақының шекті мөлшері 10 миллион теңге болады. Агенттік төрағасы Алик Шпекбаевтың айтуынша, бұл жүйені енгізу үшін үкіметтің арнайы қаулысы қажет.

Осы орайда халық арасында тарап кеткен "басшылар параны ашкөздіктен, ал қарапайым мамандар қажеттілік пен басқа жол болмағаннан алады" деген сөзбен келісуге болады", - дейді Алик Шпекбаев.

 

Хабар 24 телеарнасы