387,38 428,91 6.08
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Баспасөзге шолу. «Ғұмыры қысқа» қылмыстық істер

  • 276
  • UPD: 11:45, 06.11.2019

«Айқын» газеті соңғы сандарының бірінде «Ғұмыры қысқа» қылмыстық істер» деген атаумен қызықты мақала жазыпты.

Бұған жақында Алматы облысы әкімінің орынбасары Бағдат Манзоровқа қатысты қозғалған қылмыстық істің кенеттен тоқтатылғаны түрткі болса керек. «Әкім орынбасарының шатақ іске басы шатылғаны туралы жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі төрағасының орынбасары Олжас Бектенов Сенат отырысында хабарлаған еді. Кейінірек күдіктінің Қылмыстық кодекстің 190-бабы бойынша айыпталғаны анықталды. Осылайша, кеше ғана аса ірі көлемдегі алаяқ атануға шақ тұрған шенеунік қайта бостандыққа шықты» деп жазады республикалық басылым. Бұл кездесіп отырған бірінші жағдай емес. Айыптан ада болғандардың ішінде «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығының бұрынғы басшысы Василий Ни бар. 2017 жылы ол миллион доллар пара алу үстінде ұсталған. Алайда істі қараған Алматы қалалық қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық соты Ниге абақтының «қара көжесін» қимай қалды. Осылай деп жазған «Айқын» енді бір оқиғаны еске алады. 2013 жылы қазан айында «Каспий» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының бұрынғы басшысы Асқар Нұрғалиевке қатысты қылмыстық іс шорт кесілді. Тергеу деректері бойынша, 2010-2011 жылдары «АвиакомпанияИнвестАвиа» АҚ-ның алты әуекемесін, құрылғылар және қосымша бөліктер сатып алу туралы заңсыз шешім қабылдап, мемлекет қазынасына 1 миллиард 826 мың теңге залал келтірген. Соған қарамастан қылмыстық іс тоқтатылды. Кезінде Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Төлеген Сәдуақасовқа, Қаржы министрлігі кедендік бақылау комитеті төрағасының бұрынғы орынбасары Александр Кочубейге қатысты да тура осындай жағдай қайталанған.

Цитата:

«Тізе берсек, мұндай мысалдар жетіп артылады. Біздің жазғанымыз – соның етжеңділері ғана. Көпке ортақ деп айтылатын заңның кей шенділерге іш тартатыны, қоғам дамуын тежеп жатқан секілді көрінеді кейде».

Хабар 24 телеарнасы