387,38 428,91 6.08
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Тілді дамытуда жарнаманың атқарар рөлі орасан – филолог

  • 231
  • UPD: 12:05, 08.11.2019
Тілді дамытуда жарнаманың атқарар рөлі орасан – филолог

Жарымжан жарнама, мағынасыз мәтін Шиелі аудандық қоғамдық газеті журналисінің жүйкесін жұқартқан секілді.

Оның айтуынша, тілді дамытуда жарнаманың атқарар рөлі орасан. Тіпті тілдің тіршілігі алыстан менмұндалап тұратын маңдайшаларға тікелей байланысты. Алайда, қазір жарнамадағы сансыз қателер мен мүгедек мәтіннен көз сүрінеді. Осыған қатысты әріптесім газетке мақала жазған. Онда филология ғылымдарының кандидаты Аман Абасилов деген азаматтың сұхбаты жарияланған. Тіл жанашыры жарнамаға атүсті қарамау керек екенін ескертеді. «Жарнама – өнімнің немесе өнеркәсіптің тауарын халыққа таратып қана қоймайды, ол сол арқылы тілді насихаттайды» деген пікірде. Кейбір кәсіпкерлер қазақша атау тұрса болды деген оймен орыс тілден ойланбай аудара салады. Соның бірі – «Біз ашылдық» деген жазу. Бұл «Мы открылись» сөзінің калька аудармасы екенін бәрі біледі. Жарнаманың мәтінін дұрыс аудару және сауатты жазу үшін оқу орындарында арнайы маман даярлау керек. Қазіргі таңда жарнаманың мәтінін мағынасымен аударатын адам жоқтың қасы. «Сондай-ақ жарнама мәтінін ырғақты, халық санасында тез жатталатын икемді болуын қадағалайтын орталық керек», - дейді филолог.

«Тауар туралы ақпарат беретін тақтайшаларды жеке тұлға орындап келуге қарапайым жұмысшыны жібереді. Ал оның әр сөзді сүзгіден өткізіп, тіл тазалығын тексеріп жатқанына кім кепіл? Осының салдарынан өріп жүрген қатесі бар жазуларға ешкім мән бермейді. Жарнаманың сауатсыз жазылуы арқылы олар ана тіліне деген құрметін және қаншалықты білімді екенін көрсетіп отыр. Бұл тіл мәселесінде мінберден түспей тұрған бірінші мәселе. Бізде ақсап келе жатқан қателіктердің қатарында туу туралы куәлікте есімдердің дұрыс жазылмауы да бар. Ұзын сөздің қысқасын айтқанда, ана тіліміз әлі күнге дейін күрмеулі мәселеге айналып тұр».

Хабар 24 телеарнасы