384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ирак түрмесіндегі қазақстандық әйелдердің балалары елге қайтарылады

  • 331
  • UPD: 12:06, 13.11.2019
Ирак түрмесіндегі қазақстандық әйелдердің балалары елге қайтарылады

Бұл «Атырау» газетінде шыққан мақала екен. Қазіргі уақытта Ирак түрмесінде Қазақстанның бірнеше әйелі отыр. Ресми ақпаратқа сенсек, Ирак билігі ол әйелдерді өмір бойы бас бостандығынан айырған. Бұл туралы Атырау облысы дін істері басқармасының басшысы Қайролла Көшқалиев мәлімдепті. Спикердің айтуынша, ол әйел адамдар елге қайта алмайды. Себебі, біздің мемлекетіміз бен Ирактың арасында жазасын өтеушілерді елге қайтару туралы келісім жоқ. Сол себепті, Қазақстан аталған әйелдердің балаларын елге қайтаруды жоспарлап отыр.

Авторы: Қорған Төреқожа.

Хабар 24 телеарнасы