377,19 415,79 5,93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда тағы да тариф көтеріледі

  • 386
  • UPD: 10:54, 20.11.2019

Қызметтің қымбаттауына қатысты «Қазақ үні» үнсіз отыра алмады.

«Бұл жолы «Алматы су» мекемесі кәріз судың, яғни қолданыста болған шайынды судың бағасын қымбаттатуды сұрап отыр», дейді басылым. Жаңа жылдан бастап шайынды суға тұрғындар бұрынғыдан 20%-ке қымбат төлеуі мүмкін. Қазір қалада кәріз суының 1 текше метрі 26 теңге шамасында. Егер жаңа тариф бекітілсе, баға 33 теңге 69 тиынға дейін өседі. Есесіне, суық су бағасы қымбаттамайды, 2025 жылға дейін тұтынушылар ауыз судың әр текше метріне бұрынғыша 50 теңге төлей береді. Бірақ заңды тұлғаларға келер жылдан бастап суық су мен кәріз бағасы 10%-ке көтерілуі мүмкін. Қазір «Алматы су» алдағы бес жылға арналған бағаны бекітуді сұрап, монополияға қарсы агенттікке ұсыныс жасамақшы. Бұған қатысты «Алматы су» мекемесінің ресми өкілі Серік Шағыров былай дейді.

«Алдағы бес жылда судың бағасы өзгермейді. Осы қалыпта 50 теңге. Соңғы 10-15 жылда ауыз су құбырларына көңіл бөліп жатырмыз. Осы жылы 15 шақырым ауыз су құбырын ауыстырдық. Кәріз құбырларын ауыстырған жоқпыз. Сондықтан кәріз жүйесін қалпына келтіріп, модернизация жасау керек. Соған тарифті көтеруді сұрап отырмыз».

 

Хабар 24 телеарнасы