384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ауғанның моджахедтерін қан қақсатқан Қара майордың есімі ұлықталды

  • 246
  • UPD: 11:01, 25.11.2019

Әскери бөлімге аты аңызға айналған «Қара майордың» есімі берілді. Бұл Егемен Қазақстанда жарық көрген мақаланың тақырыбы. Қорғаныс министрінің бұйрығымен Алматы қаласындағы Қазақстан Қарулы Күштері әскери бөліміне полковник Борис Керімбаевтың, аты аңызға айналған «Қара майордың» есімі берілген.

2019 жылы 12 ақпанда ұзақ аурудан кейін Борис Керімбаев Алматы қаласында өмірден өтті. Офицер «Қызыл Ту», «КСРО Қарулы Күштерінде Отанға қызмет еткені үшін», «Айбын» ордендерімен марапатталған. 

Боксит бітсе, Арқалықтан бақ қашпай ма? «2021 жылы Арқалық қаласындағы тау-кен өндіретін кәсіпорын жұмысын тоқ­татады. «Торғайдың боксит кеніші жа­былса, 600-дің үстіндегі қызметкер жұ­мыссыз қалмақ» деп жазады жергілікті басы­лымдар деп Айқын таратқан екен.

Әрине боксит өндірісі тоқтаса, Арқалық қаласы жабылып қалады деуден аулақпыз. Десе де, қала бюджетіне түсетін салықтың 11 па­йызы боксит өндірісінің үлесін­де болып келгенін есепке алсақ, тұйықта жатқан шаһар едәуір қаржыдан қағылары анық» деген екен Айқынның тілшісі. 

Қара теңіздегі апат: 14 мың қой тиелген кеме аударылды. Мұны Түркістан газетінен оқыдым. Малды аман алып қалуға Румынияның полицейлері, өрт сөндірушілер және әскери-теңіз флоты жұмылдырылды. Жексенбі күні таңертең Теңіз мұхитындағы аралдық Палау мемлекеті туы астында келе жатқан үлкен Куин Хайнд жүк кемесі румындық Мидия портынан шыққаннан соң Қара теңіз жағалауында аударылып кеткен. Бортта 22 экипаж мүшесі Сербия азаматтары болған. Олардың бәрі құтқарылды. Бірақ қойлардың көпшілігі суға батып кеткен. Судноның неліктен аударылғаны әзірге белгісіз.

Қоқыс шығару тарифі көтеріле ме? Бұл енді Астана ақшамында шыққан мақаланың тақырыбы. Елордада қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару тарифін көтеру ұсынылды. Бұл ұсыныс Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық кеңесінің отырысында қаралды. Тиісті баяндаманы қалалық Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасының басшысы Нұрбол Нұрсағатов жасаған. 

Қоқыс тарифін көтерудің тағы бірнеше себебін атап өткен ол «жеке тұлғалар үшін тарифті 466 теңге, жеке секторда тұратындарға 496 теңге, заңды тұлғаларға 1 текше метр үшін 2653 теңге етуді ұсынып отырмыз. Алматы қаласымен салыстыр­ғанда біздегі тариф төмен. Ол жақта қатты тұрмыстық қалдықтар тарифі 553 теңгеге көтерілген болатын» деген екен Нұрбол Нұрсағатов.

Хабар 24 телеарнасы