384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қытай Ақжарқын Тұрлыбайды Қазақстанға қайтара ма?

  • 499
  • UPD: 11:47, 29.11.2019
Қытай Ақжарқын Тұрлыбайды Қазақстанға қайтара ма? stan.kz

Қытай Ақжарқын Тұрлыбайды Қазақстанға қайтара ма – министрлік жауап берді.

Бұл «Түркістан» газетінде жаряланған мақаланың тақырыбы. Сыртқы істер министрлігі Қытайда есірткі контрабандасы үшін ұсталған Ақжарқын Тұрлыбайды елге қайтару мәселесін түсіндірді. Министрдің бірінші орынбасары Шахрат Нұрышевтың айтуынша, соттың соңғы шешімі әлі шыққан жоқ. Онсыз Ақжарқын Тұрлыбайды экстрадициялауға сұрау салу мүмкін емес.

Оның сөзіне қарағанда, Ақжарқын Тұрлыбай елге қайтарылғаннан кейін оның ісін Қазақстанның соты қарайды. Себебі екі елдің заңнамасы екі бөлек және қылмыс үшін берілетін жаза әртүрлі.

«Иә, жазаның мерзімі өзгеруі мүмкін. Себебі Қазақстан мен Қытайдың заңнамасы бір-біріне ұқсамайды. Бір қылмыс үшін әртүрлі жаза беріледі. Сондықтан бұл жерде ол өз жазасын Қазақстанның заңнамасы бойынша өтеуі тиіс», - деп атап көрсетті Нұрышев.

Хабар 24 телеарнасы