427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағанды облысындағы тергеу изоляторында ер адамның мәйіті табылды

  • 1011
  • UPD: 10:56, 09.12.2019

Бұл ақпарат «Айқында» шықты. Әлгі азаматты камераласы өлтірген.

Бұл туралы Ішкі істер министрлігі қылмыстық атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметі мәлімдеген. Оқиға Қарағанды облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаментінің тергеу изоляторында болған. Камераластар арасында жанжал туып, соңы төбелеске ұласқан. Олардың бірі екіншісін жаралап, салдарынан ер адам қайтыс болды. Күдікті кінәсін мойындады. Қазіргі таңда соталды тергеу жұмыстары жүруде.

Авторы: Қорған Төреқожа

Хабар 24 телеарнасы