409,98 456,25 5.75
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстан азаматының Ресейге бару ережесі өзгеруі мүмкін

  • 751
  • UPD: 14:21, 13.12.2019

Қазақстандықтардың Ресейге бару ережесі өзгеруі мүмкін. Мұны Айқыннан оқыдым. Енді отандастарымыз 90 күн мерзімі өткен соң Ресейге келу мен қайту уақытын ұзарта алады. Бұл туралы Ресейдің Сыртқы істер министрлігі ТМД елдерінің үшінші департамент директоры Александр Стерник мәлімдеді. Бұған дейін Сенат спикері Дариға Назарбаева қазақстандық азаматтардың Ресейге бару шарттарымен келіспейтінін айтқан болатын. Ресейліктер Қазақстанда 90 күн жүріп, елден шығып, бірден қайта орала алады. Ал Қазақстан азаматтары Ресейде 90 күн жүрсе, елден 90 күнге тағы кетуі керек. Яғни, екі сапар арасында 90 күн өтуі шарт. Сонда ғана Ресейге қайта кіру мүмкіндігі беріледі. 

«Жусан» операциясы жалғасқанымен, оның атауы өзгереді. Мұны Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілдері хабарлаған. Бұл ақпарат та Айқында жарық көрген екен. 

Аталған комитет өкілінің айтуынша, террористік әрекетке қатысы жоқ әйелдер мен балаларды оңалту жұмысының арқасында 22 әйел зайырлы өмір салтын ұстанып, 33 әйел дәстүрлі исламға қайтқан. «Келесі гуманитарлық операция «Жусан» деп аталмауы мүмкін. Елге қайтарылатын азаматтардың саны артады.

Елордада заңсыз салынған нысандар сүрілетін болады. Бұл ақпарат енді Егемен Қазақстанда жарияланыпты. Есіл аудандық сотының шешімімен Нұр-Сұлтандағы заңсыз бой көтерген нысандар сүріле бастады. Қазіргі кезде заңсыз салынған ғимараттарды сүру ісі бойынша Шұбар тұрғын үй алабындағы Құлынды көшесіндегі 3 үйде тиісті жұмыстар жүргізілуде. Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының басшысы Төлеген Құлышевтың айтуынша, 2017 жылдың 20-шы маусымында аталған ғимарат иесіне функционалды мақсатын өзгертпей, тұрғын үйді қайта құру туралы шешім қабылданған. 

«Бүгінде сот шешімін орындау және азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірмеу мақсатында нысанды бұзу жұмыстары басталды. Сүру жұмысы бір ай бойы жүргізіледі» делінген хабарламада.

Хабар 24 телеарнасы