411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстанда балабақша мен мектеп директорлары жаңа жүйемен тағайындалатын болды

  • 712
  • UPD: 11:01, 20.12.2019
Қазақстанда балабақша мен мектеп директорлары жаңа жүйемен тағайындалатын болды

Қазақстанда балабақша мен мектеп директорлары жаңа жүйемен тағайындалатын болды.

Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдепті. Бұл «Айқында» жарық көрген ақпар.

Бұл жүйенің жөні де, жолы да бөлек. Бұрынғыдай автономды басқару жүйесі болмайды. Заман талабына сәйкес білім беру секторы автономды жүйеден корпоративтік жүйеге ауыспақ. Сонымен бірге мекемелерде директорлар кеңесі жұмыс істейтін болады.

«Білім беруді басқару, қар­жыландыру да өте өзекті мәселенің бірі. Осыған орай 2021 жылдан бастап аудандық білім бөлімдерін басқару облыстық деңгейге ауысатын болады», - деген екен министр Асхат Аймағамбетов.

Хабар 24 телеарнасы