411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


БҚО-да тегін анықтама үшін ақы алғандар анықталды

  • 609
  • UPD: 11:11, 23.12.2019

Батыс Қазақстанда тегін анықтама үшін ақы алғандар анықталды.

Әңгіме ветеринариялық құжаттарға қатысты. Бұл жөнінде «Орал өңірі» газет мәлімдеді. Жауапты мамандар заңды белшесінен басып, тегін берілуі тиіс мыңдаған анықтама үшін ақы алып келіпті.

 

«Айқын» газеті: «Орынсыз шектеу кәсібімізді тұралатты»

Кәсіпкерлік алдындағы кедергілер мереке қарсаңындағы азық-түлік бағасы және тегін анықтаманы ақшаға сатқан жағдайларға байланысты біраз материал жарияланыпты.

«Орынсыз шектеу кәсібімізді тұралатты». Дәл осындай атаумен Орал қаласындағы кәсіпкерлердің жанайқайы «Айқын» газетінде жарық көрді. Ол жерде қағаз-картон қабылдайтын мекемелер тығырыққа тіреліп, жабылудың аз-ақ алында екені айтылған. Оған себеп, жыл басында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі бекіткен бұйрық. Яғни, соған сәйкес қалдықтарды ел аумағынан шығаруға 2 жыл мерзімге шектеу қойылған.

Цитата. «Айқын» газеті

Дәрігерлер дөнер мен бургерді жиі тұтынатындар қандай ауруға шалдығатынын айтты. Яғни, тез дайындалатын тағамдар – қан айналымы аурулары, қант диабеті, семіздік секілді аурулардың өсуінің бірден бір себепшісі. Бұл жөнінде «Түркістан» газеті хабарлайды. Мақалада ақ халаттылардың алаңдаушылығы жайында егжей-тегжейлі айтылған.

Материалда мәселенің шешу жолдары да көрсетілген. Мысалы, мемлекеттік-жекешеменшік серіктестікті қолданып, тез дайындалатын тағамдар орнына салауатты тамақтану индустриясын дамыту қажеттігі айтылады. Сол арқылы отбасыға арналған мейрамханалар мен диеталық асханалардың қажеттігі алға тартылған. Азық-түліктің сапасымен қатар бағасы да қадаң қадағалауға алынды. Әсіресе, жаңажылдық мереке қарсаңында құнды негізсіз көтеруге жол берілмейтіні айтылған «Айқын» газетінде. «Бағаны көтерген саудагерлер жазаланады» деген материалда Түркістан қаласында жүргізілген арнайы мониторинг қорытындысы жарияланды.

Хабар 24 телеарнасы