412,55 465,50 5.83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Bek Air адам таси ма, ажал таси ма?

  • 808
  • UPD: 10:21, 28.12.2019

Bek Air адам таси ма, ажал таси ма? «Айқын» газетінде осындай тақырыптағы ауқымды материал жарияланды. Ол жерде кешегі қайғылы оқиғаның хронологиясы мен ұшақта болған адамдардың сұхбаттары бар. Қайғыға ортақтасып, көңіл айтып жатқан елде есеп жоқ. Елбасы мен Президенттен бастап бар қазақтың қабырғасы қайысты. Әлем елдерінің басшылары да үсті-үстіне жеделхат жолдап жатыр. Ал апатқа тікелей жауапты Bek Air әуе компаниясы ұшақ құлағаннан кейін 4,5 сағат өткенде ғана әрең «тілге келді» делінген.

Мақалада 1991 жылдан бе­рі Қазақстанда қаралы күн осымен сегізінші рет жа­рия­ланып отыр делінген. Оның толық нұсқасын газеттің сайтынан да оқуға болады. Ал «Алаш айнасы» газеті құлаған ұшақтың ішінде болған кәсіпкер Аслан Назарәлінің әңгімесін жариялады. Ол ақпарат құралдары өкілдеріне апаттың қалай болғанын айтып берген. Айтуынша, ұшаққа отырғанда бәрі дұрыс болыпты. Тіпті, жерден сәл көтерілгенде де ешқандай ақаулық байқалмаған. Бірақ көп ұзамай, ұшақ шайқала бастады. Кәсіпкер 15-қатарда отырған. Ұшақ құлағанда 14-қатарға дейін отырған жолаушылардың басым бөлігі зардап шекті дейді.

Алматы маңындағы ұшақ апатынан қаза болғандардың туыстары мен достары, әріптестері әлеуметтік желілерде марқұмдар туралы естеліктерін жариялап жатыр. Азалы жазбалардың үзіндісін Айқын газеті  жариялады. «Олар ол жаққа асыққан жоқ» деген материалда оқырман көңілін құлазытатын біраз пікір бар. Соның кейбірін назарларыңызғы ұсынайық.

Ал «Ақтөбе» газетінде қайғылы жағдайға байланысты «Қасірет» атты материал жарияланған. Өңірлік басылым тілшісі суық хабар жеткен сәттен бастап, Мемлекет басшысы өткізген шұғыл кеңес пен Алғашқы баспасөз мәслихаттарына толық тоқталады. Бұған қоса қарапайым халықтың да бір жағадан бас шығарып, жаппай көмекке ұмтылғанын ерекше атап өткен.

Хабар 24 телеарнасы