411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


GGG мен Альварес арасында өтетін үшінші жекпе-жектің уақыты белгілі болды

  • 890
  • UPD: 11:52, 30.12.2019

Головкин мен Канело арасында өтетін үшінші жекпе-жектің уақыты белгілі болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл ақпар енді «Айқында» шыққан екен. Атап өтейік, бұған дейін Альварес Головкинмен жекпе-жек өткізуге қызықпайтынын айтқан болатын. Алайда «Мач Рум Боксинг промоутері және DAZN платформасының жетекшісі Эдди Хирн Геннадий Головкин мен Сауль Альварестің үшінші жекпе-жегі 2020 жылы өтетініне сенімді.

Бұған дейін Альварес Головкинмен жекпе-жектері осымен бітті деп есептейтіндігін айтқан болатын. Алайда ол егер қаржылық жағынан жақсы ұсыныс болса, кездесуден бас тартпайтынын да білдірді.

Павлодарда тұрғын үйлердегі лифтілердің 73 проценті тозған. Бұл – «Егемен Қазақстан» жарияланған көрген жаңалықтың тақырыбы. Қалалық тұрғын үй инспекциясының мәліметінше, облыс орталығындағы көп қабатты тұрғын үйлерде 1463 лифті орнатылған. Көбі ескі. Тозығы жеткен. Жеделсатылар кондоминиумның иелігінде болғандықтан, оларды жаңарту бойынша шешімді тұрғындардың өздері қабылдайды. Ал «Өңірлерді дамыту-2020» бағдарламасы аясында бұл жұмыстарға 50 миллион теңге бөлінбек.

Төлем көлемі лифті орнату ісіне жауапты серіктестік пен пәтер иелері арасындағы келісімшартқа байланысты белгіленеді. Бұл келісімшарт 25 жылға дейінгі мерзімге жасалуы мүмкін. Сонымен қатар пәтердің аумағы да ескеріледі. Бір жеделсатыны орнату үшін шамамен 9 миллион теңге керек. Сонда ай сайынғы төлем 1800-2500 теңгені құрайды. Бұл сома коммуналдық қызметтер түбіртегінде көрсетіледі.

Қытайдың Вэньчан ғарыштық ұшу орталығы Чанчжэн-5 зымыран тасығышын ұшырды. Оны Қытайдың Ай-Марс бағдарламасында қолдану жоспарланған. Мұны «Түркістан» газетінен оқыдым. Зымыран жергілікті уақыт бойынша сағат 20:46-да Чяньцзинь-20 жер серігімен ұшырылды. Ол геостационарлық орбитада жұмыс істейді. Жергілікті сарапшылардың пікірінше, бұл ғарыш кемесі алдағы 5-15 жылда телекоммуникация саласының қажеттіліктерін толығымен қамтамасыз етпек.

 

Хабар 24 телеарнасы