432,23 508,50 5.48
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Асыл тұқымды жылқы санын арттыру мәселеге айналды

  • 785
  • UPD: 12:20, 06.01.2020

Мұғалжар мен Көшім жылқыларын өсіруге көңіл бөлсек. Бұл «Егемен Қазақстанда» жарық көрген мақаланың тақырыбы. Авторы Темір Құсайынның жазуынша, бүгінде елде асыл тұқымды жылқының үлесі оның жалпы санының небәрі 7 жарым процентін құраған екен. Қанағат тұтар көрсеткіш емес, әрине. Сала жанашырлары жылқы тұқымын жетілдіруге қатысты мәселе Үкімет деңгейінде түбегейлі шешімін тапса, жылқы еті мен сүтіне деген сұранысты толықтай өтеу мүмкіндігі туар еді дейді.

Автордың пікірінше асыл тұқымды жылқы өсіруді жолға қоя білген облыстар үшін жергілікті және республикалық бюд­жеттен қаржы бөлу мүмкіндігін қарас­тырғанның да артықшылығы жоқ.  

22 операция жасалды: Дәрігерлер ұшақ апатынан зардап шеккендердің жағдайын айтты. Мұны Түркістан газетінен оқыдым. Бүгінде Алматы стационарларында 27 адам ем алуда. Оның жетеуі бала. Қалалық көпбейінді клиникалық аурухананың жансақтау бөлімінде 1 адам жатыр. Барлық зардап шеккендер мен жансақтау бөлімінде жатқан адамның жағдайы тұрақты. Апаттан зардап шеккен үш жолаушы санавиация арқылы Нұр-Сұлтан қаласының Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институтына жеткізілген. 

Алматы маңындағы әуе апатынан 69 жолаушы зардап шеккен, оның ішінде 9-ы бала. Қазір Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларының емдеу мекемелерінде ұзын ырғасы 30 адам жатыр. 

Қазақстанда көлік тіркеу тоқтатылғаны рас па? Бұл Атырау газетінде жарияланған жаңалық. Техникалық жұмыстардың жүргізілуіне байланысты 4 қаңтарда елімізде мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмыс істемеді. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Facebook-тегі ресми парағында хабарланған. Бұл немен байланысты болды? 

Тұрғындардың тыныштығын бұзған үшін жаза күшейтілді. Бұл енді Айқында жарық көрген жаңалық. Әкімшілік құқық бұзу туралы кодекске өзгерістер енгізілді. Мемлекет басшысы қол қойған «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңында тұрғындардың тыныштығына кедергi келтiргендер үшін айыппұл сомасы артқан. 

Атап өтейік, тыныштық бұзғаны үшін, оның ішінде қайталанып жасалған әрекетке жеке тұлғаларға айыппұл сомасы өзгермеген, ал кәсіпкерлік субъектілеріне шамамен екі есеге артқан.

Хабар 24 телеарнасы