428,68 501,70 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Моңғолия президенті зейнеткерлердің барлық несиесі кешірілетінін мәлімдеді

  • 758
  • UPD: 11:47, 07.01.2020

Президент зейнеткерлердің барлық несиесі кешірілетінін мәлімдеді.

Халықты жаңа жыл мерекесімен құттықтау барысында Моңғолия президенті Халтмаагийн Баттулга зейнеткерлердің барлық несиесі кешірілетінін айтқан. Мұны Centralasia.media-ға сілтеме жасап «Túrkistan» газеті жариялаған екен. Моңғол елінің басшысы былай депті: «Моңғолия қауіпсіздік кеңесі зейнеткерлерге қарызынан құтылуға көмектесу үшін несиелерді жауып беретін болды».

Алайда, заңгер, бұрынғы Әділет министрінің орынбасары Б.Энхбаяр Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің мұндай мәселені шешу құзіреттілігі жоқ екенін атап өтті. Аталған сұрақтар парламент сүзгісінен өтеді. Дегенмен, қазірдің өзінде президенттің мұндай бастамасын кейбір азаматтар қолдамай отыр.

Хабар 24 телеарнасы